Facebook
Instagram
Кері байланыс

Балалардың қауіпсіздік жиынтықтары

QazaqOil балаларымыздың автокөлікте және жолда өздерін қауіпсіз сезінулері үшін қамқорлық жасайды. Балаларды қорғау күніне орай QazaqOil ең кішкентай автоәуесқойларға қауіпсіздік жиынтықтарын сыйлайды. Жинаққа не кіреді?

 

1. Трапеция тәрізді жұмсақ матадан жасалған қауіпсіздік белдігінің  адаптері. Ол қауіпсіздік белдіктеріне батырмалардың көмегімен үш жерден бекітіледі. Адаптер 12 жасқа дейінгі балаларға арналған автокөлік орындықтарымен бірге қолданылады және жайлылықты қамтамасыз етеді, баланың денесіне қысымды азайтады және белдікті ыңғайлы етіп ұстап тұрады.

 

2. Жарық шағылыстыратын білезік: қараңғы жолдағы қауіпсіздік.Алыстан және жақыннан түсіретін фаралар арқылы жүргізушілерге олардың көрінуін қамтамасыз ететін жарық қайтарғыш элементтерді балаларға жеткіліксіз көріну жағдайларында немесе тәуліктің қараңғы уақытында пайдалану ұсынылады.

 

3. «Автокөлікте бала бар»  автокөлікке арналған стикер. Бұл ескертетін белгі болып табылады және автокөлікте бала бар екендігін еске салады, сондықтан абайлап жүру қажет.

*науқан шеңберінде жинақтар саны қатаң шектелген.

Өтінімдерді қабылдау мерзімдері 1 маусымнан 10 маусымға дейін.

Жеке және заңды тұлғалар үшін

1.Науқанға қалай қатысуға және сыйлыққа қауіпсіздік жиынтығын алуға болады?

Балалар қауіпсіздігінің жиынтығын алу үшін қатысушы келесі әрекеттерді орындауы керек: 1.2022 жылғы 1-10 маусым аралығында телефон нөмірін көрсете отырып, VLife мобильді қосымшасын жүктеу қажет. 2. Өтінімді қосымшаның арнайы бөлімінде толтырып, өзі әкету үшін жинақ жеткізілетін ЖМҚС көрсету қажет. 3. Өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта ЖМҚС қауіпсіздік жинағын алып кетуге болады.

2.Сыйлық ретінде қауіпсіздік жиынтығын кім ала алады?

Науқанға 16 жасқа толған, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар және осы Қағидалардың барлық шарттарын жеке, өз күшімен және қаражатымен орындаған шетелдік азаматтар («Қатысушы») қатыса алады.

3. Мен қанша сыйлық жиынтығын ала аламын?

VLife мобильді қосымшасының бір пайдаланушысы тек бір қауіпсіздік жиынтығын алуға өтінім беруге және алуға құқылы.

4.Сыйлықты қашан және қайдан ала аламын?

Сыйлықты беру орнында (ЖМҚС) Жинақтың түскендігі туралы Науқан қатысушысына VLife мобильді қосымшасында тіркелген сәтте көрсетілген нөмір бойынша sms форматында хабарлама жіберіледі.

5. Науқанға кімдер қатыса алмайды?

Науқанға Ұйымдастырушының қызметкерлері, онымен үлестес тұлғалар, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Науқанды ұйымдастыруға және өткізуге қатысы бар басқа компаниялардың қызметкерлері қатыса алмайды

науқанның егжей-тегжейлі шарттары