Facebook
Instagram
Кері байланыс

Дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға және беруге келісім

«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес, Ниеттестік бағдарламасының қатысушысы (бұдан әрі - Қатысушы) «PetroRetail» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - Серіктестік) https://qazaqoil.kz/ сайтында тіркелген кезде/Серіктестікке ауызша немесе жазбаша өтініш жасаған кезде (оның ішінде Серіктестіктің саll-орталығы арқылы), осы келісіммен реттелген мақсатта Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарама-қайшы келмейтін кез келген тәсілдермен Серіктестікке ұсынылған/ұсынылатын дербес деректерді жинауға және өңдеуге өзінің сөзсіз келісімін береді.

Заңның 1-бабының 2 тармақшасына сәйкес дербес деректер деп мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне (дербес деректер тиесілі жеке тұлғаға) қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тiркелген cол мәліметтер деп түсініледі.

Қатысушы сондай-ақ Серіктестікке төменде көрсетілген мақсаттарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмейтін: Қатысушыны сәйкестендіру, дербес деректерді жинау, жүйеге келтіру, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), пайдалану, тарату (оның ішінде беру), бұғаттау, жою, шетел мемлекеттерінің аумағында (дербес деректердің субъектілерінің құқықтарын баламалы қорғауды қамтамасыз ететін және дербес деректер субъектілерінің құқықтарын баламалы қорғауды қамтамасыз етпейтін дербес деректерді автоматты түрде өңдеу кезінде жеке тұлғаларды қорғау туралы Еуропа Кеңесінің Конвенциясының тараптары болып табылатын) трансшекаралық беру, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын қоса алғанда, Қатысушының дербес деректерімен кез келген өзге деректерін жүзеге асыру үшін қажетті өз дербес деректеріне қатысты кез келген іс-қимылдарды жүзеге асыруға өз келісімін береді.

Осы Келісіммен Қатысушы, төмендегі жағдайларды қоспағанда, Серіктестіктің үшінші тұлғаларға Пайдаланушы деректерін жарияламайды және бермейді дегенмен келіседі:

1. Пайдаланушы осы келісімді және ниеттестіктің бонустық картасын сатып алу туралы жария офертаны (бұдан әрі - Оферта) қабылдаумен осындай іс-қимылдарға өз келісімін білдірді;

2. деректерді беру Пайдаланушы qazaqoil.kz сайтында тиісті іс-қимылдарды жасау арқылы алуға қалау білдіретін қызметтерді алу үшін қажет;

3. дербес деректерді беру бойынша міндеттеме Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген;

4. деректерді беру «PetroRetail» ЖШС заңды міндеттемелерін сақтау үшін қажет;

5. деректерді беру https://qazaqoil.kz/ сайтында тиісті іс-қимылдарды жасау арқылы Пайдаланушы тапсырыс беруге қалау білдірген сатып алуды ресімдеу үшін қажет;

6. деректерді беру https://qazaqoil.kz/ сайтында тиісті іс-қимылдарды жасау арқылы жүргізуге Пайдаланушы қалау білдіретін төлемдерді жасау үшін қажет.


Действие настоящего согласия начинается с момента принятия Участником Оферты и до её отзыва если иное не установлено в Оферте.