Пресс-орталық
Қасиетті Құрбан айт мерекесі күні Qazaq Oil компаниясы Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, игі дәстүр бойынша елордалық аз қамтылған отбасыларға 1000 азық-түлік жиынтығын таратты
Qazaq Oil құрама командасы GASENERGY мен PTC Holding компаниялары қатысқан Dostyk Cup турнирінде үстел теннисінен жеңіске жетті.
Qazaq Oil компаниясында түрлі деңгейдегі қызметкерлер арасындағы корпоративтік мәдениет пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған іс-шара - кезекті Ынтымақтастық күні өтті.
Qazaq Oil компаниясы Құлсары қаласындағы Ізтұрған Сариев, 12 мекенжайында орналасқан Е-308 ЖМҚС жұмысын қайта бастағанын хабарлайды. АИ-92, ДТ және ДТ-3 қолжетімді.
Qazaq Oil компаниясы Құлсары қаласындағы судың көтерілуіне байланысты істен шыққан екі ЖМҚС-ны қоспағанда, желідегі барлық ЖМҚС-лар қалыпты режимде жұмыс істеп жатқандығын хабарлайды. Уақытша жабу туралы шешім еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі регламентіне сәйкес қабылданды.
Petro Retail компаниясы (Qazaq Oil ЖҚС желісі) су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде және Қазақстан өңірлеріндегі табиғи апаттың салдарын жою үшін 150 миллион теңге бөлді.
Еліміздегі ең ірі жанар-жағармай сатушысының ЖМҚС картасы бүкіл Қазақстанды, оның ішінде ең шалғай елді мекендерді қамтиды. Сондықтан Qazaq Oil шағын ауылдардағы өмірдің үлкен қалалардағы шынайылықтан қалай ерекшеленетінін жақсы біледі.
Өмірінде алғаш рет 57 жасында Солтүстік Қазақстанның сарышұнақ аязынан Парсы шығанағы жағалауына барып, шетелде демалу - Qazaq Oil «Чемпиондар лигасының» жеңімпазы болған T-052 ЖМҚС операторы Владимир Гринько үшін әлі күнге дейін сене алмайтын шындық.
Астанада Qazaq Oil АЖҚС желісіне кіретін ұжымдар арасында чемпион лигасы өтті.