Пресс-орталық
«PetroRetail» ЖШС Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде орналасқан бұрын консервацияланған 28 жанар-жағар май құю станциясы мен 2 жол бойындағы кемпингті қамтитын активтерді сататындығын хабарлайды
Акция Құрбан айт мерекесіне орайластырылған. Азық-түлік себеті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен гигиена құралдарынан тұрады. Бір жиынтықтың құны шамамен 30 000 теңгені құрайды және салмағы 40 килограмнан асады. Жинақ 6 немесе одан да көп адамнан тұратын отбасына арналған.
«Qazaq Oil» және «PetroRetail PFS» орталық аппаратының қызметкерлері барлығы 15 литр қан жинап, 34 адам донор атанды.
Біздің компания моральдық қолдаумен бірге орман өртінен зардап шеккендерге көмек ретінде 50 млн теңге көлемінде материалдық көмек бөлу туралы шешім қабылдады
Qazaq oil өз қызметкерлеріне жұмыс орнында тең мүмкіндіктер мен құқықтарды ұсынуға мүдделі. Осыған орай компания Дүниежүзілік экономикалық форумның гендерлік теңдікке қол жеткізу жөніндегі жаһандық бастамасына қосылды
Жанар-жағармай сату саласында көш бастап тұрған Qazaq Oil компаниясы Астанада бизнесінің жаңа бағытын таныстырды
Жанармай бағасын белгілеу - бұл көптеген факторларға байланысты болатын күрделі процесс. Негізгі факторлардың бірі - әлемдік мұнай нарығы. Дегенмен, әр елде жанармай бағасы әртүрлі болуы мүмкін. Бұл жанармайға салынатын салықтар мен баждарға, сондай-ақ нарықтағы бәсекелестікке байланысты. Бензин бағасы туралы «Жанармай құйып алайық» бағдарламасының жаңа шығарылымында айтатын боламыз
Басшылар мен топ-менеджерлердің жанармай бекетінде кассир, оператор болып қызмет көрсетуіне не себеп? Ынтымақтастық күнінің мәні неде?
Орталық Азияда елдеріндегі компаниялар арасындағы сайыста Qazaq Oil топ жарды. Олар үздік жұмыс беруші номинациясында алғашқы үштікке енді.