Клиентпен кез келген Сату орталығында шарт жасасады
Қадам 1
Электрондық талондар
Клиент жеке кабинетте (жеке кабинетке кіру үшін сілтеме клиент көрсеткен почтаға келеді), одан кейін мұнай өнімінің түріне тапсырысты қалыптастырады және номиналды көрсетеді.
Қадам 2
Электрондық талондар
Тапсырысты төлейді, 1С жүйесіне ақша қаражаты түскеннен кейін электрондық талондар жеке кабинетте қолжетімді болады
Қадам 3
Электрондық талондар
Аталған электрондық талондармен клиент ЖМҚС-да төлем жасай алады
Қадам 4
Мұнай өнімдеріне жеңілдіктер
100% алдын-ала төлем жасау талаптарында (ДТ / ДТЗ-25 / ДТЗ-32)
1 ₸
1 теңге/литр
1 000-нан 9 999 литрге дейін
2 ₸
2 теңге/литр
10 000-нан 19 999 литрге дейін
3 ₸
3 теңге/литр
20 000 литрден астам
Сұрақтар мен жауаптар
Электрондық талондар туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар
Электрондық талон дегеніміз не?
Электрондық талон – бұл цифрлік құжат, оның кодында мұнай өнімдерінің (бензин, дизель отыны) түрі мен көлемі, сондай-ақ оны қолдану мерзімі шифрланған. Электрондық талондар жүйесі сатып алушыға мұнай өнімдеріне 100 % алдын ала төлем енгізген соң электрондық деректер базасында әрбір нақты сатып алушыға тағайындалған бірегей нөмірі (коды) бар талондарды алуға мүмкіндік береді. Сатып алушы басып шығарып немесе алдағы уақытта мобильді телефон арқылы бірегей нөмірді (шотты) көрсете отырып, «ҚазМұнайГаз» және Qazaq Oil ЖМҚС-да отынның тапсырыс берілген көлемін ала алады.
Электрондық талондарды сатып алу шарттары
Электрондық талондарды сату орталықтарынан және/немесе сатып алудың шарттарын сақтай отырып жеке кабинетте сатып алуға болады.
Қандай төлем жасау түрлері бар?
Төлемді банктік карта арқылы E-pay сервисі арқылы және/немесе аудару арқылы (егер бір тапсырыстың жалпы сомасы 1000 айлық есептік көрсеткіштен аспаса, есеп айырысу шотына немесе кассаға).
Электрондық талондар қайда қолданылады?
Электрондық талон «ҚазМұнайГаз» және Qazaq Oil желісінің барлық ЖМҚС-ларында қолданылады.