Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 20.02.2024

«Жаз әлеміне» билеттер: «Чемпиондар лигасының» жеңімпаздары Катарға аттанды

 

Өмірінде алғаш рет 57 жасында Солтүстік Қазақстанның сарышұнақ аязынан Парсы шығанағы жағалауына  барып, шетелде демалу - Qazaq Oil «Чемпиондар лигасының» жеңімпазы болған T-052 ЖМҚС операторы Владимир Гринько үшін  әлі күнге дейін сене алмайтын шындық.

«Мен адамдардың қалай демалатынын көрдім, өмірімде мұндайды көрген емеспін. Мен өте қуаныштымын! Мен аты аңызға айналған Парсы шығанағында жүздім, енді бұл туралы бәріне айтамын. Компания бізге мүмкіндік беріп, еңбегімізді лайықты бағалағаны үшін алғыс айтамын», - деп бөлісті компанияда 5 жыл жұмыс жасап келе жатқан Владимир. 


Табанды, әрі қажырлы еңбек пен тәртіптің арқасында Ақмола-Қостанай филиалының командасы Чемпиондар лигасы жарысының жалпы есебінде бірінші орынды жеңіп алып, шетелге жолдамаға 10 миллион теңге ұтып алды. Жеңімпаздарды Катар астанасындағы Rixos Gulf Hotel Doha премиум қонақ үйі қарсы алды.

«Біздің бүкіл команда үшін бұл теңізге алғашқы сапар, ал көпшілігі үшін шетелге алғашқы сапарлары болды. Біз мұражайлардан бастап сауда орталықтарына дейін барлық көрікті жерлерді араладық. Қайықпен серуендедік, билейтін субұрқақтарды тамашаладық, шөлді құмдарда джиппен экстремалды сафари жасадық. Сондай-ақ  таңғажайып бөлмелері бар және тамақтандыру аll inclusive жүйесімен  керемет қонақ үйді  ерекше атап өткіміз келеді», – деді Ақмола-Қостанай филиалының аумақтық менеджері Галина Можейко.

«Чемпиондар лигасы» – Qazaq Oil компаниясының ішінде өткізілетін байқау, ол жұмыс жылдамдығы, тиімділігі, қызмет көрсету деңгейі және т.б. көрсеткіштер негізінде жылдың үздік қызметкерлерін анықтайды. Жыл сайын компания жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттайды, атап айтқанда техника алуға сертификаттар, ақшалай сыйлықтар және Қазақстан мен шетелде демалу турлары.

«Чемпиондар лигасы жобасы – бұл 100% ынталандыру. Бүкіл қызметкерлер бұл процеске қызығушылық танытқаны сонша, олар филиалдардың рейтингтерін үнемі қадағалап отырды. Тек өз жұмысымызға деген сүйіспеншіліктің, жеңіске деген сенімнің арқасында біз алға қойған мақсатымызға жеттік және қазіргі уақытта туристер үшін бір жыл бұрын ашылған ғажайып жерде демалып жатырмыз. Біз осы жобаға және компания басшылығына шексіз алғысымызды білдіреміз», - деп қорытындылады өткен жылғы байқаудың жеңімпаздары.


Жаңа жыл да басталды, командалар да қызықты әрі жаңа қашықтыққа шықты, нәтижесінде тағы бір команда таңғажайып сапарға аттанады.


поделиться