Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 05.08.2022

QAZAQ OIL КОМПАНИЯСЫ 9 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ САЛЫҚ ТӨЛЕДІ

Компания қызметінің бұл көрсеткіші 3 жыл ішінде шамамен 22 есеге өсті.

Сату көлемінің өсуімен қатар салық және әлеуметтік аударымдар да артады. Осылайша, Qazaq Oil ЖМҚС желісі 2021 жылға 9,2 миллиард теңге салық төледі, - деп атап өтті Qazaq Oil Бас директоры Төлеміс Шотанов. 2019 жылы көрсеткіш небәрі 419,5 миллион теңгені құраған болатын.

Салық төлемдерінің өсуімен қатар Qazaq Oil-де жұмыс орындарының саны артты. Жекешелендіру рәсімінен кейін де компанияның барлық қызметкерлері сақталды. Сонымен қатар,         3 жыл ішінде штат саны 1,5 есе өсті. Осылайша, 3273 адамнан тұратын штат 4604 адамға дейін кеңейді. Қиын пандемия кезеңіне қарамастан, қызметкерлердің орташа жалақысы 57-65%-ға өсті.

Естеріңізге сала кетейік, үш жыл бұрын PetroRetail «ҚазМұнайГаз» тобындағы жанар-жағар май құю станцияларының желісін жекешелендірген болатын. Сатып алғаннан кейін ұлттық желі ребрендинг жариялады. Енді Қазақстандағы ең ірі жанар-жағар май құю желісі Qazaq Oil деп аталады. Компания активінде барлығы 381 ЖМҚС бар. Бүгінгі таңда 180-нен астам жанар-жағар май құю станциясы қайта жаңартылды. Сонымен қатар, Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолында алты ірі жанармай құю кешені салынды.

Жалпы, ребрендингке 2023 жылға дейін 64 млрд. теңге жұмсау жоспарлануда. Қазіргі уақытта 39 млрд. теңге инвестицияланды. ЖМҚС ребрендингі резервуар паркін, құбырларды, отын-үлестіру бағандарын, асфальт-бетон жабынын, ақпараттық стелланы қайта жаңартуды, тоңазытқыштар мен сауда жабдықтарын ауыстыруды білдіреді.

Жаңа жанар-жағар май құю станциялары әлемдік стандарттарға сәйкес салынуда екендігін атап өткен жөн. Үйлесімді жұмыстың нәтижесінде Qazaq Oil ЖМҚС желісі Superstation.pro салалық журналының тұжырымы бойынша 2021 жылғы ең үздік 12 жанар-жағар май құю станциясының қатарына енді. Рейтингке Еуропаның және посткеңестік кеңістіктің ЖМҚС-лары кірді. ТМД елдерінен - бір ғана қазақстандық ЖМҚС желісі – Qazaq Oil кірді.

Сонымен қатар, Qazaq Oil компаниясы «QAZAQ OIL Partner» франчайзингтік бағдарламасын белсенді дамытуда. Компания серіктестері Qazaq Oil брендімен жұмыс істеуге, қызмет көрсетудің және жоғары сапалы жанармай жеткізудің заманауи стандарттарына мүмкіндік алады. Бүгінде алты жанар-жағар май құю станциясы осы бағдарлама бойынша табысты жұмыс істеуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін франшиза бойынша тағы 13 ЖМҚС ашу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда Qazaq Oil-ге автоәуесқойлардың 25%-ы сенеді. V-Life бонустық жүйесі әзірленді, оны 500 мыңнан астам қазақстандық белсенді пайдаланады. Qazaq Oil ЖМҚС жанында Dala Market жұмыс істейді, онда әрбір сатып алушы жолға қажетті тауарды: автомайдан тез дайындалатын кеспеге дейін сатып ала алады. Dala Market сөрелеріндегі тауарлардың 85%-ын отандық өндірушілер ұсынады.

 


поделиться