Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 20.12.2023

Астанада Qazaq Oil чемпиондары марапатталды

Жеңімпаздар шетелге демалуға жіберілмек

Астанада Qazaq Oil АЖҚС желісіне кіретін ұжымдар арасында чемпион лигасы өтті. Былтыр компания 2022 жылғы “Үздік HR жоба” аталымы бойынша жеңімпаз атанған болатын. Биыл да 380 станцияның қызметкерлері осы байқауды асыға күтті.

Арнайы осы байқау үшін компания IT-бағдарлама ойлап тапты. Бұл бағдарлама әр қызметкердің жұмысын онлайн режімде бағалауға рұқсат береді. Барлық қатысушылар арнайы критерий бойынша лигаларға бөлінген. Бұл ауылдағы, қаладағы жанармай құю станциялары қызметкерлерін теңдей әділетті қатысуына мүмкіндік берді. Менеджерлердің жұмысын тәулік бойы бақылаған IT-бағдарлама кассирлердің, қызметкерлердің жылдамдығын, сыпайылығын, жұмысының сапасын бақылады. Сонымен қатар “құпия сатып алушылар” да қызмет сапасын бақылап отырды. Бұл сайыстың тек бірінші кезеңі болатын. Финалға шыққан ұжымдар Астанаға Qazaq Oil бас офисіне жиналды.

- Бізге тек практикалық тапсырмалар ғана емес, теориялық тапсырмалар да берілді. Әр маманға берілген тапсырма әртүрлі болды. Бұл сайыс кәсіби біліктілікті арттыруға септігін тигізді”, - деді Солтүстік Қазақстан облысындағы станцияның сауда залының менеджері Алия МУКУШЕВА.

Qazaq Oil басшыларының айтуынша, байқаудың басты мақсаты - қызметкерлерді бір арнаға біріктіріп, мотивациясын арттыру. Қыркүйек айында  топ-менеджерлер ынтымақтастық күнін өткізіп, өздері клиенттерге қызмет көрсеткен болатын. Кассада есеп жүргізіп, әйнек жуып, бензин құйып қызмет еткен еді. Осылайша, топ-менеджерлер өз қызметкерлерін қолдап отырады. Мұның өзі qazaq oil командасының жұмысын нығайта түспек.

- Чемпиондар лигасының басты мақсаты – команда құру. Qazaq Oil  бренд атануы клиенттерге қызмет көрсетіп отырған алдыңғы қатардағы қызметкерлердің еңбегінің арқасында боп отыр. Біз барынша ұжымымызды қолдауға тырысамыз. Олардың айлығын көтеріп, инфляциялық шығындарды жабуын қадағалаймыз, - деді  Qazaq Oil АЖҚС желісінің бас директоры Тулемис ШОТАНОВ. 

Чемпиондар лигасының жеңімпаздары қаржылай сыйлық, тұрмыстық техникаға сертификат, Қазақстан ішінде әрі шетелге демалуға жолдама алды.

Біз бір жыл бойы жұмыс істеп сауданы көтеріп, бірінші орын алдық.  Бұрын ешқашан шетелде болмаған едік. Биыл жаңа жылға осындай керемет сыйлық алдық. Бұл жеңіс біздің ұжым үшін өте бағалы, - деді Солтүстік Қазақстан облысы АЖҚС менеджері  Любовь ВЕРЧИНСКАЯ.

"А" лигасында Солтүстік Қазақстан облысындағы T-052 командасы жеңімпаз атанды: (станция менежері Любовь Верчинская, сауда залы менеджері Алия Мукушева, кассир-сатушы Евгения МАЛЬЧЕВА, оператор Владимир ГРИНЬКО).

"В" лигасында Батыс Қазақстан облысындағы  L-288 станциясының жеңімпаздары (АЖҚС менеджері Гуляйм АЛПАНОВА, кассир-сатушы Нұргүл БАҚТЫҒАЛИЕВА, оператор Наурыз ҚАЛЕКЕНОВ).

"С" лигасында астаналық АЖҚС Z-003 ұжымы жеңді (менеджер Олжас ҚҰДАБАЙ, кассир-сатушы Айсұлу КАТАЕВА, оператор Ануарбек ТӨЛЕУОВ.

"D" лигасында Солтүстік Қазақстан облысындағы T-054 ұжысы жеңді (менеджер Роза АРТЫМБАЕВА, кассир-сатушы Ольга ЧИЧКАНЬ, оператор Ойрат ОРАЗБЕКОВ).

Сонымен қатар ең көп бал жинаған қызметкерлер салтанатты түрде марапатталды. Ең үздік оператор ретінде - Наурыз Қалекенов, үздік кассир- сатушы - Жанна МОРОЗ, сауда залының үздік менеджері - Кристина ГОРШ, ал АЖҚС ең үздік менеддері бое  Олжас Құдабай танылды.


поделиться