Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 05.04.2025

Алаяқтардан сақ болыңыздар

Құрметті клиенттер мен серіктестер!


Интернет желісінде Qazaq Oil компаниясының бас директорының аты мен фотосын пайдаланып, алаяқтар жалған ақпарат таратып жатыр. Бұл жарнамада Qazaq Oil-мен бірге “инвестициялық платформа” арқылы ақша табуға болады деген жалған уәде берілген.


Qazaq Oil аталған хабарландыруларға ешқандай қатысы жоқ және ешқандай инвестициялық платформа немесе онлайн табыс қызметтерін ұсынбайды.


Сіздерді мұқият болуға шақырамыз: күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, жеке деректеріңізді енгізбеңіз және белгісіз тұлғаларға ақша аудармаңыз.


Егер осындай алаяқтық әрекеттерге тап болсаңыз, бұл туралы бізге ресми арналар арқылы хабарлаңыз және құқық қорғау органдарына жүгініңіз.


Өзіңізді және жеке ақпаратыңызды қорғаңыз.

Құрметпен, Qazaq Oil.


поделиться