Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 06.06.2023

Мұнайдан капучиноға дейін: Qazaq Oil Q-cafe кофе желісін ашты

Мұнайдан капучиноға дейін: Qazaq Oil Q-cafe кофе желісін ашты

Жанар-жағармай сату саласында көш бастап тұрған Qazaq Oil компаниясы Астанада бизнесінің жаңа бағытын таныстырды. 

Фото: Qazaq Oil

Енді компания жанармай құю бекеттерінен бөлек, концепциясын, ассортиментін және мінсіз қызмет көрсету стандарттарын сақтай отыра, өз тұтынушыларына кофе ұсынады. Қазіргі уақытта Q-cafe брендімен үш дәмхана ашылып үлгерді. Осылайша Qazaq Oil тек жанармай сататын компания емес, нағыз сервистік бизнеске бағытталған экожүйе екенін дәлелдеуде, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Маркетинг жөніндегі директор Бақытжан Тасанбаев сөзінше, Qazaq Oil шағын және орта бизнеспен ынтымақтастық қағидатын ұстанады.

"Мұндай серіктестік бізге бренд ретінде дамып қана қоймай, шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік береді. Біз отандастарымызға бірегей технологияларды ұштастыра отыра жоғары сапалы бренд өнімдерді ұсынатынымызды мақтан тұтамыз. Біздің кофемізді және басқа да өнімдерімізді жақсы көретін тұрақты тұтынушыларымызға жақын болу үшін жанармай құю бекетінің аясына шығып, тұтынушыға жақындай түстік. Сондықтан біз дәмді кофені ұнататындар үшін арнайы кафе аштық", - деді ол.

Q-cafe ашылуына қатысқан Арыстан Сайтжан кафе орналасқан үйде тұратындарын айтып, бұған дән риза екенін жеткізді.

"Отбасыммен көшіп келгенде құрылыс дүкендері, киім-кешек, есік дүкендері ғана болатын. Сол себепті кафенің ашылуы біз үшін үлкен қуаныш болды. Бұрын біз Сығанақ-Сауран қиылысында, жанармай құю бекетіне жақын жерде тұратынбыз. Анда-санда хот-дог алуға баратынбыз. Біз бұл мейрамхананың тұтынушысы болғанымызға екі жыл болды. Енді Q-кафеге күнделікті келуге мүмкіндігіміз пайда болды, тұрақты тұтынушыларға айналдық. Әсіресе хот-догтарды ерекше жақсы көреміз", - деп бөлісті ол.

Өз кезегінде Ерлан Аханов Qazaq Oil компаниясының жанармай құю бекеттерінен тыс кофе концепцияларын әзірлеудегі серіктесі екенін айтты. Ол Батыста MBA дәрежесін алып, дамыған фаст-фуд секторына назар аударғанын және Қазақстанға оралған бойда, қарқынды дами бастаған Qazaq Oil компаниясына назар аударғанын айтты.

"Мені жанармай құю станцияларының жақсы ұйымдастырылған бизнес-процестері, техникалық қызмет көрсетуі және сервис деңгейі таң қалдырды. Біз компанияға жанармай құю станцияларынан тыс кофені дамыту туралы идеяны ұсындық. Күшті бренд көмегімен синергия ала алатынымызды түсіндік. Компания біздің идеямызды қолдады. Бүгінгі таңда біз үш кафе аштық. Алдағы уақытта желіні кеңейтіп, Қазақстанның барлық негізгі қалаларында ашуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта мейрамханалар сияқты мәзірді ұсынамыз, болашақта біз клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін балаларға арналған сусындар, лимонадтар мен тәтті кондитерлік өнімдер қатарын қосамыз", - деді ол.

Оның айтуынша, қазір ассортимент әзірленуде және бұл процесті алдағы бірнеше айда аяқтау жоспарланған.

Бұл ретте Qazaq Oil қазақстандықтарға қызметтердің барынша кең спектрін ұсынуды мақсат етеді, осылайша әрбір сапар оларға тек жағымды эмоциялар сыйламақ. Компания отандастарымыз ең жақсы қызмет көрсетуге лайық деп санайды.

Айта кету керек, аладағы уақытта Qazaq Oil кафелер желісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Q-cafe еліміздің басқа қалаларында да пайда болады. Осылайша, қазақстандықтар компанияның гастрономия және қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызметінің нәтижелеріне өз бағасын бере алады.


Астана қаласындағы жаңа дәмханалардың мекенжайы: Достық көш., 5 ("Северное Сияние" ТҮК), Түркістан көш., 16/5 (ТҮК Сенсата паркі), Тұран көш., 41/1 (ТҮК Гранд Туран).


поделиться