Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 10.09.2021

Qazaq Oil жүз жанармай құю станциясы

PetroRetail Qazaq Oil брендімен жүз жанар-жағар май құю кешені ашылғандығын хабарлайды.

Компания ЖМҚС желісін «ҚазМұнайГаз» тобынан сатып алғандығы Сіздерге белгілі. Қазіргі уақытта PetroRetail активінде 355 жанар-жағар май құю кешені бар. Өткен жылдың күзінен бастап компания ЖМҚС-ларды ребрендингтеуге кірісті. Ең алғашқы жаңартылған станция Нұр-Сұлтан қаласында өткен жылдың қараша айында ашылды. Сонымен, бір жылға толмай компания олардың санын жүзге дейін жеткізді.

Ребрендингтеу процесі – бұл тек маңдайшасын ғана ауыстыру емес, ол ЖҚК асфальтбетон төсемінен бастап жаңа бизнес-процестерді енгізуге дейін барлық жүйені толығымен жаңарту дегенді білдіреді. Қазіргі уақытта Qazaq Oil-да еуропалық қызмет көрсету стандарттары қолданылады, Gilbarco брендті жоғары дәлдікті отын тарату бағандары орнатылған. Жанармай сапасы мемлекеттік жүйеде аккредиттелген өз зертханаларында ай сайын тексеріліп отырады.

  Сонымен қатар сауда алаңдары да өзгерді. Халық тұтынатын тауарлардың кең сұрыпталымынан басқа гастро аймақ пайда болды, онда әрбір қалаған адам  кофе ішіп, дәмді хот-догтан дәм тата алады.

 Сондай-ақ PetroRetail франчайзинг бағдарламасын іске қосты. Серіктеске жаңа ЖҚК салу немесе жұмыс істеп тұрған Qazaq Oil брендті ЖҚК дамытуды ұсынады. Компания ұзақ мерзімді келісімшарт ұсынып, ЖЖМ әрбір литрінен сыйақыға кепілдік беруге дайын.

Компанияның клиенттермен жұмыс істеудегі негізгі артықшылықтары: адалдық, ашықтық және ниеттестік. Біздің миссия – жоғары сапалы өнімді беруші ретінде клиенттеріміздің сеніміне ие болу және бірлесіп болашақты жасау. 

Qazaq Oil – жолдағы сенімді досыңыз!

 

 

PetroRetail баспасөз релизі


поделиться