Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 15.08.2026

Qazaq Oil компаниясының ресми мәлімдемесі

Qazaq Oil жанармай құю дәлдігіне ерекше мән береді және жанармай құю бекеттеріндегі отын тарату жабдықтарының жұмысын тұрақты түрде бақылауда ұстайды.

Әлеуметтік желілерде Алматы қаласындағы Qazaq Oil жанармай құю бекетінің бірінде, автор көлемі 9 литр болатын мотоциклдің жанармай багына 12 литр отын құйылғаны туралы бейнежазба жазған.
Осы жағдайға байланысты біз тұтынушыны оның қатысуымен техникалық құю сынағын жүргізу үшін, жанармай құю станциясына шақырдық. Алайда клиент тексеруге келмеді. Сонымен қатар, оның айтуынша, мотоциклге басқа мотоциклден ауыстырылған жанармай багы орнатылған. Осыған байланысты тиісті тексеру жүргізбей, бактың нақты көлемін объективті түрде растау мүмкін емес.

Өз тарапымыздан аталған жанармай құю станциясындағы барлық отын тарату колонкаларының отын беру дәлдігін қосымша тексердік. Жарияланымда келтірілген мәліметтерді растайтын қандай да бір ауытқулар анықталған жоқ.

Осыған байланысты аталған жарияланым компанияның іскерлік беделіне негізсіз нұқсан келтіруге бағытталған әрекет деген пайым жасауға негіз бар. Qazaq Oil конструктивті диалогқа ашық және клиенттің қатысуымен қажетті тексеруді жүргізуге дайын. Сонымен бірге қоғамды жаңылыстыруы және компанияның іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін расталмаған ақпараттың таралуын жол берілмейтін жағдай деп санаймыз.

Осыған байланысты Qazaq Oil жарияланым авторына қатысты сот тәртібімен құқықтық шаралар қабылдау мәселесін қарастырады және өз құқықтары мен заңды мүдделерін қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен қорғайтын болады.


поделиться