Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 20.10.2022

Qazaq Oil өзінің мұнай базаларын толығымен жаңартуды жоспарлап отыр

Жалпы компания ЖМҚС желісінің ребрендингіне шамамен 75 млрд теңге инвестиция салуға ниетті

Qazaq Oil бұл жолы Аягөзде тағы бір мұнай базасын жаңартуды жоспарлап отыр. Модернизация бастапқыда компания жоспарлаған ребрендинг аясында жүзеге асырылады. Жоба бойынша инфрақұрылымды толық техникалық жаңарту және реконструкциялау ғана емес, сонымен қатар қуаттылықты арттыру да қарастырылған.

 «Қазақстан бойынша бізде 12 мұнай базасы бар, оларда біз сататын барлық отынның шамамен 30%-ы сақталады, қалған 70%-ы жалға алынған мұнай базаларында сақталады. Біз оларды жаңартуды биыл бастадық және 5 жыл ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз» - деп атап өтті компанияның PR-директоры Әсел Әлімханова.

Оның айтуынша, мұнай базаларын жаңарту, ең алдымен, клиенттерге әрдайым сапалы жанармайды алу үшін қажет.

«Біз мұнай базасында асфальтбетон төсемінен бастап, жер астындағы цистерналармен, эстакадалармен және құбырлармен аяқтаймыз», - деп нақтылады Qazaq Oil PR-директоры.

Өз кезегінде мұнай базасы үш негізгі функцияны орындайды – жергілікті мұнай өңдеу зауытынан жанармайды қабылдайды, оны резервуарларда сақтайды және жанармай құю станцияларына жібереді.

«Бір уақытта біздің мұнай базамызға 130 вагон жанармай келеді, бұл 7 800 тоннаны құрайды. Осыған қарамастан, бізде барлық қауіпсіздік шаралары сақталады. Әрбір цистерна, біздің базаның эстакадасы өртке қарсы арнайы жүйемен жабдықталған. Ұшқын пайда болған кезде ұнтақты өрт сөндіргіш бәрін автоматты түрде сөндіреді, сондықтан бізде өрт орын алуы мүмкін емес», - деді Аякөздегі Qazaq Oil мұнай базасының бас инженері Серік Қасымханов.

 «Бұл ретте, мұнай базаны сатып алған кезде ол өте тозған күйде болды және үлкен инвестициялар салуды қажет етті», - деп атап өтті Әсел Әлімханова. Мысалы, олардың бірі 1896 жылы салынған  екен.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан үш жыл бұрын «PetroRetail» ЖШС жанармай құю станцияларының желісін «ҚазМұнайГаздан» сатып алып, оларды Qazaq Oil деп қайта атау туралы шешім қабылдады. Жаңа брендпен алғашқы жанармай құю бекеті 2020 жылдың қараша айында елордада ашылды. Қазіргі уақытта компания Qazaq Oil 220 жаңа жанармай құю станциясын ребрендингтен өткізді. Сонымен қатар, жанармай құю  станцияларының географиясы да артты, олар, мысалы Ырғыз кентіндегі Шымкент - Самара тасжолында, Батыс Еуропа-Батыс Қытай, Доссор, Рудный, Шетпе, Арал, Сарыағаш ауданы, Жайсан және т.б. пайда болды. 2023 жылдың соңына дейін компания барлық жанармай құю станцияларын модернизациялауды аяқтауды жоспарлап отыр.

«Түсінікті болу үшін бір шағын жанармай құю станциясының ребрендингіне 200 млн теңгеге дейін қажет екендігін атап өткім келеді. Екі жыл ішінде компания қарыз және өз қаражаты есебінен бұл іске 39,2 млрд теңге инвестициялады. Тағы 25 млрд теңге салуды жоспарлап отыр. Осылайша, желінің ребрендингіне салынған инвестициялардың жалпы көлемі 75 млрд теңгені құрайды. Мұнай базалары мен бензовоздар паркін жаңартуға тағы 10 млрд теңге қажет болады», - деп түсіндірді Әсел Әлімханова.

Оның айтуынша, мәміле барысында сатып алынған автомобиль паркінің орташа жасы 25 жастан асады. Ағымдағы жылы 25 бензовоз сатып алынды. Бұл активтің оннан бір бөлігі ғана, - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, жанармай құю станциясының бизнесті дамыту стратегиясының өзі де үлкен өзгерістерге ұшырады. Жанармай құю бекеті кәдімгі станция болуды тоқтатты, енді ол жылы, жайлы кафені, тегін сымсыз желісі бар алаңды және үй тауарларының үлкен ассортименті бар дүкенді біріктіреді, - деп атап өтті Qazaq Oil PR-директоры.

Бұдан басқа, қызмет көрсету сапасы артады: қызметкерлердің клиенттермен өзара іс-қимылының бірыңғай стандарттары және үй-жайларды күтіп ұстаудың жоғары стандарттары енгізіледі. «Жанармай құю кешені жүк көліктерін, туристерді және автокөлік әуесқойларын тартатын орынға айналды», - деп атап өтті ол.

Айта кету керек, өткен жылдан бастап компания өзінің франшизасын ұсына бастады. Қазіргі уақытта сегіз серіктес Qazaq Oil брендімен жанармай құю бекеттерін ашты, биыл тағы 10 серіктес қосылады деп күтілуде. Қазір франшиза бойынша үш жанармай құю бекеті Қостанай облысында, біреуі Шымкентте, Түркістан облысында және Ақтөбе облысының Ырғыз  ауылында жұмыс істейді. Биыл үш ЖМҚС Алматы және Ақтөбе облыстарында, екеуі Қостанай және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Атырау облысының Доссор кентінде, Таразда және Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында ашылады.

 "Франчайзинг географиясы кең. Серіктестер брендбук алады, оған жанармай мен өнімдерді жеткізуге көмектеседі – логистика тиісті деңгейде бір жолға қойылған", - деп түйіндеді Әсел Әлімханова


поделиться