Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 17.06.2024

Мыңдаған отбасы Qazaq Oil компаниясынан көмек алды

Қасиетті Құрбан айт мерекесі күні Qazaq Oil компаниясы Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, игі дәстүр бойынша елордалық аз қамтылған отбасыларға 1000 азық-түлік жиынтығын таратты.


«Игі істер марафоны» қайырымдылық акциясы өткен жылдың басында басталған болатын. Осы уақыт ішінде қолдауға мұқтаж мыңдаған астаналықтар көмек алды, олардың арасында жалғызбасты аналар, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, көп балалы және ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар бар.

Бүгін, Құрбан айт мерекесінде Qazaq Oil мұқтаж жандарға тағы 1000 азық-түлік жиынтығын жеткізді. Әрқайсысының салмағы 40 келіден асатын жәшіктерді тасымалдауға «Астана жастары» бірлестігінің еріктілері көмектесті. Жастар азық-түлікті бөліп салып, жәшіктерді көліктерге тиеп, жүргізушілерді үйлестіріп, оңтайлы бағдарлар жасап, жергілікті жерлерде азық-түлік себеттерін таратты.

«Біз қиын өмірлік жағдайға тап болғандарды қолдаудың қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Бизнес тек қаржылық табысқа ұмтылып қана қоймай, әлеуметтік бастамаларда белсенді рөл атқаруы керек деп есептейміз. Бұл акция – біздің компанияның әділетті және қамқор қоғамға қарай жасап жатқан қадамдарының бірі ғана», - деп атап өтті Qazaq Oil бас директоры Төлеміс Шотанов.


Qazaq Oil игі бастаманы ұйымдастыруға және жүзеге асыруға атсалысқандардың барлығына: жергілікті атқарушы органдардың, сауда желілерінің өкілдеріне, белсенділер мен еріктілерге алғысын білдірді. Алғашқылардың бірі болып азық-түлік жиынтығын алған көп балалы ана Жаңагүл Қарасаева да компанияға  ризашылығын білдірді.



«Астана қаласының әкімдігі мен Qazaq Oil компаниясына жыл сайын бізді қолдап, шын мәнінде пайдалы заттармен  азық - түлік жиынтықтарын әкелгені үшін алғыс айтамын», - деді ол.

Qazaq Oil спорттық, мәдени және қайырымдылық бастамаларды үнемі қолдайтынын атап өткен жөн. Мәселен, биыл компания Қазақстанның бірқатар өңірлеріндегі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету және табиғи апаттың салдарын жою үшін 150 млн теңге бөлді.

 


поделиться