Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 02.03.2023

Әлеуметтік желілерде Qazaq Oil-мен бірге ақша табуға болады деген жалған жарнама таратылуда

Әлеуметтік желілерде пайдаланушылар Qazaq Oil-мен бірге ақша табуға болады деген жарнаманы көреді.


Бұл хабарландырудың Qazaq Oil-ге ешқандай қатысы жоқ және оны алаяқтар таратуда.


Компания Қазақстан азаматтарының қаражатын ешқандай инвестициялық жобаларға тартпайтынын мәлімдейді. Таратылып жатқан жарнама жалған және алаяқтық сипаттағы жарнама болып табылады. 

 Бұл алаяқтардың Qazaq Oil атауы мен беделін өз мақсаттары үшін бірінші рет пайдаланып отырған жоқ.


 Қазақстандықтардан сақ болуды және тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз. Компанияның қызметі туралы ақпарат тек www.qazaqoil.kz сайтында, сондай-ақ компанияның әлеуметтік желілеріндегі беттерінде жарияланатынын естеріңізге саламыз.


поделиться