Facebook
Instagram
Кері байланыс

Компания туралы

ҚазМұнайГаз ЖМҚС ұлттық желісі ребрендинг жасайтындығын жариялайды. Енді Қазақстандағы ең ірі ЖМҚС желісі Qazaq Oil деп аталады.

Ірі ЖМҚС желісі

Qazaq Oil – бұл отын сапасын тікелей бақылау жүйесімен сапалы тауарлар мен қызметтерді ұсыну. Жылдың соңына дейін бүкіл Қазақстан бойынша жүзге таяу жаңа ЖМҚС ашылады. Сапалы отынды жақсы бағамен құйып ал. Әрбір 5-інші автокөлік иесі бізге сенім артады. Qazaq Oil - Сіздің бензин. Сіздің ЖМҚС желісі. Жолдағы ең сенімді досыңыз.

Компания миссиясы

Сапалы жанармай, тауарлардың кең сұрыпталымы мен мінсіз қызмет көрсетуді ұсынатын ЖМҚС халықтық желісін құру.

Нарықтағы көшбасшы

ҚазМұнайГаз бренді бүкіл елімізде 344 ЖМҚС саналады. 2024 жылы олардың әрқайсысы Qazaq Oil – мұнай өнімдерін алдыңғы қатарлы өткізуші, адалдық және сапа, тазалық пен реттілік. Біздің өзгеруіміз – тек маңдайшасын ғана ауыстыру емес, бұл толығымен бизнес-процестерді жаңарту.

Біз ЖМҚС-да қызмет көрсетудің жаңа стандартын, жаңа акцияларды, тағамдар мен кофе ұсынуды, жаңа тауар сұрыпталымын енгіздік. Біз Q-cafe тез тамақтану сервисін дамытудамыз. Біз сондай-ақ мұнай өнімдерін үлкен және шағын көтерме саудамен сатамыз, отын сапасын сараптау бойынша, мұнай өнімдерін сақтау және тасымалдау бойынша қызметтерді ұсынамыз. Qazaq Oil желісінде мұнай өнімдерінің сапасын талқылаудың 3 аккредиттелген сынақтау зертханасы бар.

mis4

Жол үстіндені инфрақұрылымды дамыта отырып

Біз бұрынғы ЖМҚС ребрендингін ғана жүргізіп қоймай, сондай-ақ мүлдем жаңа ЖМҚС ашамыз. Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық автомобиль дәлізінің қазақстандық учаскесінде инфрақұрылымды дамытуды ынталандырамыз.

Тасжолдағы барлық ЖМҚС әлемдік стандарттарға сәйкес салынған: үлкен супермаркет, Q-cafe, мұнда автоәуесқойлар кофе мен хот-дог, сорпа мен тіпті екінші тағам-асты сатып ала алады, кең паркинг пен душ бөлмелері қарастырылған.