«CODO» бағдарламасы
«QazaqOil» компаниясы ҚР барлық өңірлерінде «CODO» бағдарламасы серіктестерінің кадрлық резервін қалыптастырады!
Company owned - Dealer operated
Бағдарлама 2015 жылдан басталды. Бағдарлама негізінде Shell, OMV, Rompetrol сияқты шетелдік ЖМҚС желісінің тәжірибесі қолданылды. Қазіргі уақытта шамамен жүзге таяу шағын және отбасылық бизнеске 143 ЖМҚС басқаруға берілді. Бағдарлама шеңберінде біз өзіміздің ЖМҚС-ларды шағын бизнеске басқаруға бердік, Біз өзіміздің сапалы отын мен халық тұтынатын тауарларды ЖМҚС-ға жеткізуді жалғастырудамыз, біздің серіктес ЖМҚС-да клиенттерге сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуі тиіс. Команданы қалыптастырып, шағын жөндеулерді жүргізуі тиіс. Өз кезегінде, біз өзіміздің серіктестерден ЖМҚС және клиенттерге қызмет көрсету сапасының регламенттерін сақтауды талап етеміз. Біздің серіктестер үшін CODO бағдарламасының қандай артықшылығы бар:
Мұнай өнімдерін тұрақты жеткізу
Жоғары сапалы мұнай өнімдері
Өзінің жеке ЖМҚС болмауы
Белгілі бренд есебінен мұнай өнімдерін өткізу
Ілеспе қызметтер (дүкендер, авто жуулар және т.б.) есебінен қосымша табыс табу мүмкіндігі
Егер Сізде сауда орнын басқаруға байланысты тәжірибеңіз болса, клиенттерге қызмет көрсету үшін командаңыз болса, сіз біздің командамыздың қатарынан табылуыңызға болады.
Байланыстар
Ынтымақтастық жайттарын талқылау үшін біздің компаниямыздың өңірлік өкілдіктеріне немесе мына байланыстар арқылы хабарласуыңызды сұраймыз:
Алпысбаев Алтай – Altay.Alpysbayev@petroretail.kz