Facebook
Instagram
Кері байланыс

Отын сапасы

Біздің маркетингтік зерттеулер көрсеткендей, сұралғандардың 61%-ы жанармайды таңдау кезінде – отын сапасы, 44 %-ы – тез және сапалы қызмет көрсетуге, 14 %-ы «үлкен» дүкеннің болғаны, 12 %-ы ыңғайлы кіріп-шығу жолдарының болғандығын маңызды деп санайды.

Отын сапасы

Автоәуесқойлар ең алдымен сапалы отынды таңдайды және ол тек емес. Егер бензин жақсы болса, жол да жақсы болатындығымен келісесіздер ғой.

Сондықтан біздің компанияның маңызды міндеттерінің бірі әрқайсыңызға сапалы тауарлар мен қызметтерді ұсыну болып табылады.

Біздің барлық ЖМҚС желісінде сапаны көп деңгейлі тікелей бақылау жүйесі жұмыс істейді. Бұл нені білдіреді? Біз отынды мұнай өңдеу зауытынан мұнай өнімдерін тиеген сәттен бастап жанармай құю станциясында тұтынушыға босатқанға дейін тексереміз.

qual1

Әрбір қадам, әрбір іс-қимыл – барлығы бақылауда.

Мұндай тәсіл соңғы тұтынушы үшін, яғни сіздер үшін отынның зауыттық сапасын өлшеулерін сақтауды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ бізде Астана, Алматы және Атырау қалаларында сынақтау зертханалары бар, мұнда кез-келген адам отын сапасын тексере алады.

Мұнайдан бензинге дейінгі жол

Компанияда мұнай өнімдерінің сапасын түпкілікті бақылаудың қолданыстағы жүйесі - бұл Серіктестік объектілерінде сапасыз мұнай өнімдерін қабылдаудың, сақтаудың, тасымалдаудың және өткізудің алдын алуды және жолын кесуді қамтамасыз ететін мұнай өнімдерінің сапасын бақылау және сақтау жөніндегі іс-шаралар кешені.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік аккредиттеу жүйесінде аккредиттелген Астана, Алматы, Атырау қалаларындағы сынақтау зертханалары мұнай өнімдері қозғалысының барлық кезеңдеріндегі сапаның МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақтау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптары» стандартының талаптарына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асырады.
Сынақтау зертханалары халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес К4-К5 экологиялық кластарының отынын сынақтауға мүмкіндік беретін Еуропа, АҚШ және Ресейдің жетекші өндірушілерінің заманауи жоғары технологиялық жабдықтарымен, сондай-ақ мұнай-газ саласында тәжірибесі бар жоғары білікті персоналмен жасақталған.