Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 14.10.2021

Жанармай құю бекетінде бонустарды қалай жинауға және оларды күнделікті өмірде пайдалануға болады?

  Енді қазақстандықтар Qazaq Oil және "ҚазМұнайГаз" АЖҚС-да   автокөлікке жанармай құю кезінде VLife супер қосымшасы арқылы бонустық ұпайларды оңай жинай алады. Оларды қолжетімді сандық сервисте кез келген тауарлар мен қызметтерді сатып алу арқылы пайдалануға болады.

           Мысалы, автокөлікке жанармай құюдан басқа, VLife арқылы маркетплейсте он мыңдаған позициямен сауда жасауға, коммуналдық қызметтерді төлеуге, теміржол және авиа билеттерін сатып алуға, медициналық мекемелердегі қабылдауларға және сұлулық салондарына жазылуға болады.

 

Қосымшаны жүктеу сілтеме

 

Ақпарат үшін:

Qazaq Oil, "ҚазМұнайГаз" – 344 автожанармай құю кешенінен тұратын Қазақстандағы ең ірі желі.

2019 жылғы 1 сәуірден бастап "ҚазМұнайГаз" брендімен желіні "PetroRetail" ЖШС пайдалануда. 2020 жылдан бастап автожанармай құю кешендерінің ребрендингі басталды, желі Qazaq Oil атауын алды. АЖҚС-тан басқа, желі ішінде Q-cafe  жылдам тамақтану сервисі дамып келеді, сондай-ақ мұнай өнімдерін үлкен және шағын көтерме саудада сату жүзеге асырылады, отын сапасын сараптау, мұнай өнімдерін сақтау және тасымалдау бойынша қызметтер ұсынылады.

 

VLife - Grand era компаниясының диджитал-стартапы. Маркетплейс, қызмет көрсету саласы, денсаулық, төлем және басқа да сервистерді біріктіретін Қазақстандағы алғашқы супер қосымша.

 

Қосымша ақпарат алу үшін 9911 телефоны және crm@petroretail.kz поштасы арқылы хабарласыңыз.   

 


поделиться