Жаңалықпен бөлісу
Жарияланған күні: 12.07.2021
ЕҢБЕГІ ЕРГЕ БЕРГІСІЗ НӘЗІК ЖАН
Әріптестер, танысыңыздар - Ақмарал Бейбітова. Ерлердің жұмысы деген стереотипті жойып, сол салада табысқа жеткен қыз.
Ерлер мен әйел адамдардың жұмысы деп бөлетін уақыт болғаны рас. Жоқ, әйелдер кәсібі мүлдем болмаған уақыт болды. Ал бүгінгі таңда жүргізуші әйел, кран жүргізуші әйел, оператор әйел дегенде біз таң қалмаймыз.
- Ақмарал, сіз неге ЖМҚС операторы болуды шештіңіз?
- Шынымды айтсам, мен волейболмен кәсіби түрде айналысамын. Мені 2012 жылы компанияның құрама командасына өнер көрсетуге шақырды. Мен жарыстарға бардым, маған ұнады. Сол кезде маған оператор лауазымын ұсынғанда еш ойланбастан келістім.
- Сіз бұл тағдыр деп санайсыз ба?
- Әрине, міне компанияда істегеніме 9 жыл, енді Qazaq Oil компаниясында қызмет етемін. Біздің ұжым өте жақсы, тату-тәтті, бір-біріне көмектеседі. Бір сөзбен айтқанда, ерекше болғанымен, маған өз жұмысым ұнайды.
- Клиенттер оператор қыздың жұмысына таңданыс білдіре ме?
- О, олар таң қалады, ешқайда бензинді қыздар құйғанын көрмегендігін айтады (күледі). Бірақ мен үйреніп кеттім және мұнай реакцияға қалыпты қараймын. Керісінше, қазір мені барлығы біледі, мен де барлық клиенттерді білемін. Олардың бак мөлшерін, қандай жанармай құятынын білемін.
- Арманыңыз бар ма?
- Әрине бар. Барлық адамдар армандайды. Менде де арманым бар. Анашым мен туғандарым аман-есен болса екен. Одан артық маған ештеңе керек емес.
- Әріптестеріңізге не тілейсіз?
- Мен олардың әрқайсысының ойындағы арманы орындалғанын тілеймін. Біреуі пәтерлі болуды армандайды, біреуі сәби сүйгісі келеді, біреуі берік отбасын құрғысы келеді, біреуі денсаулығы жақсы болғанын қалайды, осы армандары орындалса екен. Бірлескен жұмысқа, қажырлы еңбектеріне және ұжымдағы тату-тәтті ахуалға рақмет айтамын.
RDFYjolf
2 years ago