Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 11.08.2021

Конкуренты или сподвижники?

Рамис, біздің ойымызша, клиентке таптырмас олжа ма, әлде маркетингтік қимыл ма? ЖМҚС-дағы бұл сауда орындарын үй жанындағы дүкендермен салыстыруға бола ма? Бәрін салыстырмалы түрде алғанда ғана білуге болады, бірақ біздің мини-марттарда  жүргізушіге, сондай-ақ оның отбасына қажетті тауарлар мен азық-түліктердің кең ассортименті бар. Біз гастро-өнімдер мен кофе сусындарының саудасын практикамызда кеңінен қолданамыз, олар осы жерде бірден дайындалады. Өнімнің сапасы мен балғындығында күмән жоқ.  

ЖМҚС желісін дамыту бағдарламасы шеңберінде біз жанар-жағар май құю станцияларын кешенге ребрендингтеуді жүргізіп жатырмыз. Ол біздің клиенттеріміз үшін тауарлар мен қызметтердің барынша кең ассортиментін білдіреді. Автокөлігіне жанармай құйып алып, жүргізуші өзімен бірге кофе ала кетуге, хот-дог немесе круассанмен жүрек жалғап алуға мүмкіндігі бар.

Шетелде, мысалы, ЖМҚС жанындағы сауда орындары бұрыннан «convenience store» айналған, онда клиенттер белгілі бір заттарды сатып алу үшін арнайы келеді. Біздің міндетіміз – жақын уақытта осындай форматқа келіп, мини-марттарды өздеріне тарту орнына айналдыру.

Қазіргі уақытта айналамызда гастрономиялық объектілер аз емес, бірақ таңдау Qazaq Oil жанындағы мини-мартқа түсуі үшін не істеу қажет? сегментте танылған көшбасшылар болып табылатын және одан әрі практикамызда қолдану үшін ЖМҚС шетелдік желісінің тәжірибесін үлгіге аламыз.

ЕҢ АЛДЫМЕН, «ЖЫЛДАМ ЖӘНЕ САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ» ҚАҒИДАТЫНА БАҒДАРЛАНАМЫЗ.

ЖМҚС-ға соққан әрбір клиенттің уақыты шектелген болады. Жанармай құю станциясында ол кетірген уақытта сатып алуды жасап алуға үлгеру мүмкіндігін беру – біз үшін «must have». Осындай формат клиентке көп еркіндік береді. Мысалы, ол өзіне кофе құйып алады және тлемін кассада төлейді. Біздің кофе ең үздік сусындардың бірі болып табылады, өйткені ол сапалы кофе дәндерінен дайындалады.

Қоғамдық қамтамасыз ету мәзірі ең дәмді және балғын тағамдардан ғана жасалады. Және 2 минут – бұл күтудің шекті мерзімі. Біршама уақыттан бері біз ТМД-да жалпыға белгілі хот-догтар мен гамбургтерді дайындауға арналған ингредиенттерді өндіруші – Sybilla брендімен жұмыс жасай бастадық.

Сондай-ақ біз өз сауда маркамызбен фреш-сендвичтерді өндіріп, сатуға кірістік. Сөйтіп,  жылдың соңына дейін өз өндірісіміздің өнімін 50 %-ға дейін арттырамыз.

Сүйікті сусынымызға сенімді болғымыз келеді. Сіздің кофеңіз қандай? Күмәнданбаңыз. Біздің ЖМҚС-да WMF неміс брендті кофе-машиналар тұр. Бұл аппарат 12 түрлі кофе сусынын қарастырады. Біздің сусындардың сапасы сіздер кофейняда сатып алатын сусыннан ешқандай айырмашылығы жоқ. Бұл – біздің басты көрсеткішіміз. Бізге одан әрі өрлеуіміз қажет деп айтсам қателеспеймін. Клиент қателіктерді кешірмейді. Сондықтан да қолжетімді баға мен сапасына бағдарланамыз.

Сусын сапасына кофе жабдығын дұрыс пайдалану да өте ықпал ететіндігін атап өткіміз келеді. Ол үшін біз ресурстарды да, күшімізді де аямаймыз: біздің аппараттар күнделікті тазалаудан өтеді және қашықтықтағы мониторингтік жүйеге қосылған, ол Нұр-Сұлтан қаласында отырып Семейдегі кофе-аппараттағы сусын рецептін өзгертуге немесе Атырау қаласындағы кофе-аппараттың уақтылы тазалануын тексеруге мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні кофеге дәмді десерттерді ұсынамыз, жақын арада дәмді таңғы асты іске қосамыз.

Алдымызға қойған міндетіміз оңай емес: Республикаданы ең ірі кофе желісіне айналу. 2021 жылдың соңында бізде кофе сусындарының үлкен мәзірін сату бойынша 100-ден астам толыққанды орындар болады.

 Бізде шеткері аймақта жанармай құю станцияларымыз да бар ғой, қалай ойлайсыз, біздің жаңашылдығымыз оларға қаншалықты пайдалы?

Қазақстанда ЖМҚС-да кофе мәдениеті қалай дамығандығын есімізге түсірейікші. Кофені жанармай құю станциясынан сатып алуға болады дегенге ешкім сенбеді ғой. Ал, бүгінгі күні қараңызшы, кофе – кез келген заманауи ЖМҚС міндетті атрибуты болып табылады. Хот-догтар мен бургерлерге қатысты дәл солай. Біз Қазақстандағы кеңінен тараған жанармай құю станцияларының желісі болып табыламыз, біздің станциялар еліміздің кез келген облысында бар. Сондықтан қазақстандықтарды әлемдік кофейня, шай және фас-фуд мәдениетімен таныстырып, ЖМҚС сапалы қоғамдық тамақтандыру орны ретінде мәртебесін бекітуді өзіміздің міндетіміз деп санаймыз.


БҰЛ ТАМАША ҒОЙ, ЕЛІМІЗДІҢ ЕЛОРДАСЫНДА ІШЕТІН КОФЕНІҢ ДӘМІН АЛЫС АУЫЛДА ТАТЫП КӨРЕ АЛАДЫ.

 

Баға саясаты барлық жерде бірдей бола ма?

Қазір бұл тұрғыда күрделі жұмыстар жүргізілуде. Ауыл, қала және трасса ЖМҚС позициясының өзіндік ерекшелігі болады. Әрбір формат өзінің баға белгілеуі мен ассортиментімен болады.

Икемділік, нақтылық және кең ассортимент – мини-март қызметінің басты критерийлері болып табылады.

Сөрелерге тауарлар қалай келіп түседі?

Тауарлармен жабдықтау және қамтамасыз ету тізбесі гипермаркеттегі тізбектен айырмашылығы жоқ. Принциптері бірдей.

Бұл өндіруші тарапынан, сондай-ақ жеткізуші әріптес тарапынан да, яғни өте үлкен команданың жұмысы. ЖМҚС-дағы тауарлар ассортиментінің 90 %-ы бекітілген кесте бойынша жалғыз жеткізушіден келіп түседі, бұл бізге тапсырыстардың орындалуын бақылауға, құжат айналымын қысқартуға және қызметкерлер уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Жанармай құю станцияларынан барлық тапсырыстар біздің тауарларды қамтамасыз ету бөліміне түседі, бірақ жақын арада ЖМҚС-лардың біраз бөлігіне сауда залының менеджерлері жұмысқа алынады, олар өздері жергілікті жерлерде өтінімдерді жасайды, тауарды қабылдайды және жалпы мини-марттағы тәртіпті қадағалайды.

Біз 3PL форматын пайдаланамыз. Бұл тауарларды жеткізу бойынша барлық процесс аутсорсинге тапсырылады. Бізде өз қоймаларымыз да, жеткізу үшін өз автопаркіміз де жоқ және өндірушілермен шарттар жасасқан жоқпыз. Осы үш бағыт серіктеске тапсырылған. Бізде логистикалық серіктес бар, оның өндірушілермен келісімшарттары, қойма орындары бар, ол қорларды басқарады және өз қоймасынан өнімді ЖМҚС-ға жеткізеді. Біз тек қана әрбір тауарға логистикалық үстеме бағасын төлейміз.

Бұл қолайлы ма?

Иә, көп қолайлы. Осындай үлкен міндет бойынша барлық коммуникация тек бір ғана серіктеспен болады. Көз алдыңызға елестетіңізші: әрбір өңірде үлкен штат ұстау керек, инфрақұрылымдық шығындарды өткеру қажет және негізгі бизнестен де алаңдауың мүмкін.

Дүкен ассортименті қалай қалыптасады?

Бұл өте үлкен және еңбек көп жұмсалатын үдеріс. Соған қоса сауда алаңы өте шектелген.

Ең алдымен, біз нарықты зерттейміз. Тек қана ең танымал және сұранысқа ие позициялар ғана сөрелерге түседі. Одан әрі біз барлық ірі желілерге мониторинг жасаймыз (гипермаркеттер, үй, ЖМҚС жанындағы дүкендер). Сондай-ақ жеке ассортимент бар, оны да бағалаған дұрыс. Тоқсан сайын біз ассортименттік матрицаға талдау жасаймыз, оны қандай да бір тауарлық позицияларды енгізу немесе шығару бойынша ұсыныстарды шығарамыз.

Әйелдер ұжымын басқару қиын ба, қалай ойлайсыз?

Әйелдер ұжымы – бұл өзара күрделі қарым-қатынастар жүйесі. Бірақ біз бір-бірімізбен жақсы тіл табысамыз. Әрбір қызметкердің «тілін» табу – бұл зергерлік өнер. Бірлесу рухы, сөрелерді сапалы түрде толықтыру – қызметкерлерге қойылатын басты талаптар.

Әріптестер өте үлкен жұмыстарды орындайды. Ең алдымен, ассортиментті басқару да оңай іс емес, мысалы ол 2000 бірегей тауар позицияларынан тұрады. Ол үшін бізде үш категориялық менеджер бар: азық-түліктік, азық-түліктік емес және гастро-категориялар бойынша. Оларға екі ассистент көмектеседі, сондай-ақ операциялық басқару блогымен бірге тауарларды қамтамасыз ету менеджерлері, аналитик, серіктестермен жұмыс жасау және төлем жасау жөніндегі менеджері, мерчендайзерлер ауқымды жұмыс көлемін орындайды. Әрине, барлығымыз үшін «сникерс» және суды сату оңай сияқты, алайда бұның барлығы көп еңбекті, көп уақытты және ЖМҚС операциялық басқару жүйесінің ерекшеліктері мен бөлшектеріне мұқият назар аударуды қажет етеді.

 

Әрбір категория – бұл жеке сала, өйткені ай сайын қандай да бір тауар шығарылады, басқа тауар енгізіледі, жаңа тауар пайда болады, ротация жүргізіледі. Сонымен бірге ай сайынғы негізде 20 промо белсенділікті іске қосуды жоспарлап отырмыз. Сонда да жұмыста операциялық сұрақтар өте көп: жаңа ЖМҚС-ның ашылуы, деректерді автотапсырысқа жүктеу, жеткізушілермен, логистермен және бухгалтерлермен жұмыс жасау.

Бізде 300-ге таяу мини-март бар. Олардың барлығы аптасына 7 күн 24 сағат бойы бақылауда болуы тиіс.

 


поделиться