Жаңалықпен бөлісу
Жарияланған күні: 11.08.2021
О кофе и не только
Кофенің сусын түрінде шығу тарихы сонау көне заманға
терең бойлайды. Ол көптеген аңыздар мен қиялдан шығарылған оқиғаларға толы.
Бүгінгі таңда кофенің шығу тарихының
біржақты ақиқаты жоқ, бірақ барлығы кофенің шығу көзі Эфиопияда жатқандығын
біледі және оның ашылуының бірнеше түрлі нұсқалары бар.
Бүгін сіздерге Калди деген қойшы туралы айтып берейік. Эфиопия
қойшысы ешкілерінің қызыл жидектерді жеп, одан кейін олар еліріп, «билегенін»
байқайды. Ол да осы «белгісіз» жидектерді жеп көріп, өз бойын сергек сезіне
бастағанын байқайды. Калди осыдан кейін жидектерді жинап алып, үйіне әкеліп
әйеліне көрсетеді. Әйеліне кофе жидектерді ұнайды. Әйел бұл аспаннан жіберілген
сый екендігін және Калди оларды жақын монастырьға апару қажет екендігін айтады.
Қойшы солай істейді. Кофені татып көрген монах-шіркеу
попы оны шайтанның құбылысы деп атап, ашуланып отқа тастап жібереді. Міне,
осыдан бастап ең қызықтысы басталады. Отқа тастаған кезде кофе дәндері керемет хош
иіс шығара бастайды. Монахтар одан сайын қорқып, отқа оранған дәндерді алып,
оны таптай бастайды, сөйтіп оларды түйіршіктеп ұнтаққа айналдырады. Кофе
бұрынғыдай бықсып жанғаннан соң, құмыраға ұнтақты салып, оған толтырып су
құяды. Кофе осылай бірнеше күн тұрады, содан кейін оны бір күні монахтардың
бірі ол суды кездейсоқ татып көреді. Кейін түнде дұға оқыған кезде өзін сергек
сезінеді және оның таңданысына шек болмайды.
Ол бұл туралы өз
бауырларымен бөліседі. Сиқырлы сусынның дәмі мен әсерін әріптестерінің де
көңілінен шығады.
Сонымен, міне кофе әлем бойынша осылай өзінің шеруін
бастайды...
Сөйтіп, мини-марттар, HR және маркетологтар командасы
жанармай құю станцияларында кофе қандай болуы тиіс екендігіне байланысты
семинарға қатысты. Өйткені олар алмалар сияқты әртүрлі болады ғой – қызыл,
сары, үлкен, кіші, тәтті, шырынды, қышқыл және т.б.
Qazaq Oil командасы үшін қонақтың өзінің қалағанын алуы өте
маңызды. Шамалы ащы, шамалы тәтті және тіпті қышқылтым дәмді. Тек түрлі кофені
араластырып қана мұндай нәтижеге қол жеткізуге болады.
Сонымен қатар жанармай құю станцияларында кофе дәндері
жаңадан қуырылған болады, өйткені кофе қуырылғаннан кейін тек 6 ай ғана жарамды болады. Ал дәндері ауаны кіргізбейтін
арнайы орауышта сақталады.
Ал хош исі ше? Сіз оны Dala Market есігін ашқан кезден-ақ бірден сезесіз. Кофенің хош исі бірнеше мыңдаған компоненттерден тұрады, олардың арасынан шоколад, карамель, гүлдер, цитрус, жидектер мен тіпті алкогольге ұқсас иістерді сезуге болады. Алайда жасыл кофе дәнінің ешқандай исі болмайды. Оны қуырған кезде ғана исі пайда болады.
QAZAQ OIL-да
ӘР КҮНІ НАҒЫЗ КОФЕНІҢ ДӘМІН ТАТЫН КӨРЕ АЛАСЫЗ. СІЗДЕРДІ ҚҰШАҚ ЖАЯ ҚАРСЫ АЛАМЫЗ.