Жаңалықпен бөлісу
Жарияланған күні: 13.06.2023
Qazaq Оil гендерлік теңдікке қол жеткізу бастамасын қолдайды
2023 жылдың 9 маусымында Астанада бірден төрт қазақстандық компания «Closing the Gender Gap» гендерлік паритетті қамтамасыз ету жөніндегі дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бастамасына қосылды. Бұл «QAZAQ OIL» жанар-жағар май құю станцияларының желісі, «PTC-Holding», «Wabtec Сorporation» және «MEDIA HOLDING ATAMEKEN BUSINESS». Қазақстан гендерлік белгілеріне қарамастан тең еңбек жағдайлары үшін күрестегі өзінің жетекші рөлін растай отырып, осы акселераторға қатысқан Еуразиядағы бірінші мемлекет болғанын атап өткен жөн.
Келісімге қол қойған компаниялардың әрқайсысы барлығына бірдей жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ету саласындағы алдыңғы қатарлы компаниялардың бірі болып табылады. Осылайша, Qazaq Oil компаниясының гендерлік тепе-теңдігі басқаларға үлгі болып табылады, өйткені қызметкерлердің жартысына жуығы әйел адамдар.
Qazaq Oil Бас директоры Төлеміс Шотанов осы Келісімге қол қоюдың
маңыздылығын білдірді: «Бүгін біз гендерлік теңдік туралы әлемдік қозғалыстың
бір бөлігі болдық. Біздің компанияда қызметкерлердің жартысына жуығы әйел
адамдар. Сондықтан біз үшін бұл келісімге қол қою өте маңызды. Осылайша, біз
гендерлік теңгерімді сақтау бойынша белгілі бір міндеттемелерді өз мойнымызға
аламыз, бізде жалақы бойынша, әйелдердің әлеуметтік қорғалуы бойынша
алшақтықтар болмайды. Менің ойымша, бұл біздің компания үшін осындай жаһандық
қозғалыстың бір бөлігі болуы – өте маңызды әрекет.»
Бұл келісім Qazaq Oil компаниясының әрбір қызметкердің өсуі және кәсіби дамуы үшін тең мүмкіндіктері жасалған жұмыс ортасын құруға деген ұмтылысын көрсетеді. Компания өзінің барлық қызметкерлері үшін әділ жағдайлар мен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуде гендерлік паритетті қолдау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға дайын.
«Closing the Gender Gap» жаһандық бастамасына қосылу қазақстандық компаниялар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады және еліміздің гендерлік теңдік үшін күресте белсенді қатысушы болуға деген табандылығын растайды. Ал акселераторға қатысушы компаниялар жаһандық қозғалысқа қосқан үлестерін мақтан тұтады және болашақта өз қызметкерлері үшін тең мүмкіндіктер жасауға байланысты жұмыстарын жалғастырады.