Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 27.09.2022

Qazaq Oil нарықтағы үлесін арттырады.

Бүгінгі күні ескірген ЖМҚС-ның орнына қазіргі заманғы үлгідегі кең форматты жанар-жағар май құю кешендері келді. Осылардың бірі – Qazaq Oil.

Qazaq Oil – еліміздің автоәуесқойлары үшін тартымды орталық. Компания сапалы жанармай, халық тұтынатын тауарлардың кең ассортиментін, сондай-ақ жоғары қызмет көрсету сервисін, хош иісті кофені, жаңа дайындалған тоқаштарды және т.б. ұсынады.

Желіні реновациялау бағдарламасы екі жыл бұрын басталғандығы белгілі және осындай қысқа мерзім ішінде 210-нан астам ЖМҚС ребрендтелген. Компания осы мақсаттарға 39 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсады және процесті аяқтау үшін қосымша 25 млрд.теңге бөлуді жоспарлап отыр.

Трансформация жұмыстары пандемия мен пандемиядан кейінгі кезеңде де тоқтаған жоқ. Нәтижесінде мұнай өнімдерін сату екі жылда 50%-ға, ал халық тұтынатын тауарларды сату 10 есе өсті. Осының барлығы төленетін салық мөлшерін қызметінің басында шамамен 400 млн.теңгеден 2021 жылдың қорытындысы бойынша 9 млрд. теңгеден астам мөлшерге дейін айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Өткен жылдың жазымен (шілде-тамыз) салыстырғанда мұнай өнімдерін сату тағы 12%-ға, ал халық тұтынатын тауарларды сату 204%-ға өсті. Сатылымның артуы қыркүйекте де байқалады. Жаздың аяғында және күздің басында дизель отынының тапшылығына қарамастан, компания алған міндеттемелерін қамтамасыз етіп қана қоймай, сату көлемін де ұлғайтты.

Егер екі жыл бұрын жанармайды сату бір ЖМҚС үшін тәулігіне 10,5 мың литр, ал халық тұтынатын тауарлар – бір дүкеннен 35 мың теңге деңгейінде болса, бүгінде бір ЖМҚС-та сату тиісінше 17 мың литр жанармайды құрайды, ал ХТТ бір дүкеннен 300 мың теңгеден асады.

Компания бүкіл Қазақстан бойынша 381 ЖМҚС, 12 мұнай базасы және 250 бензовозды пайдаланады. Қалған ЖМҚС мен логистикалық кешеннің ребрендингін 2023 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Qazaq Oil шағын және орта бизнесті белсенді қолдайды және дамытады, бүгінде компанияның 100-ден астам ЖМҚС-ын жеке кәсіпкерлер түріндегі серіктестер басқарады.

Сондай-ақ Qazaq Oil барлық өз стандарттары мен талаптарын ұсынып, жанармай және ХТТ-мен қамтамасыз ете отырып, серіктестерді белсенді түрде тартады. Франчайзинг қағидаты бойынша жалпы алғанда 25 Qazaq Oil жұмыс істейді және тағы ашу жоспарланып отыр, алдағы жылдары бұл сан тек өсетін болады.

Барлық қол жеткізілген көрсеткіштер клиенттердің брендке деген сенімінің дәлелі болып табылады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Qazaq Oil «Жыл таңдауы» номинациясы бойынша жеңімпаз болып танылып, сала көшбасшысы ретінде Superstationpro беделді ресурсымен марапатталды.


поделиться