Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 20.03.2023

Астананың мыңдаған аз қамтылған отбасы Наурыз мейрамы қарсаңында Qazaq Oil компаниясы мен қала әкімдігінен азық-түлік жиынтығы түрінде көмек ала бастады. Салмағы 40 кг болатын қорапқа сабын керек-жарақтарынан бастап азық-түлік жиынтығына дейінгі қажетті өнімдер кірді. Студенттерден құралған еріктілер көмекке мұқтаж жандардың нақты мекенжайларына жеткізіп береді.


Бүгін осыған байланысты әкімдік пен Qazaq Oil компаниясы арасында әлеуметтік әлсіз топтағы отбасыларға көмек көрсету аясында өзара іс-қимыл жөніндегі меморандум жасалды. Сонымен қатар, көмек бір реттік емес, тоқсан сайын беріліп отырады. Жыл соңына дейін акция тағы 3 мың мұқтаж отбасын қамтитын болады.

Іс-шара аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетуде Қазақстанның басқа да ірі компаниялары арасында бастаманы насихаттау мақсатында өткізіледі.

«Qazaq Oil компаниясы Наурыз сияқты тамаша мереке қарсаңында Астана әкімдігімен бірлескен қайырымдылық акциясын өткізу және мұқтаж отбасыларға материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Мен бұл бір рет қана өткізілетін акция болмайтынын атап өткім келеді, біз әкімдікпен бірлесіп осы іс-шараларды жалғастыруды жоспарлап отырмыз және бұл бастама біздің компанияның қағидаттарына сәйкес келеді. Біз өзімізді әлеуметтік жауапты бизнес ретінде ұстанамыз. Басқа ірі компаниялар да біздің бастамамымызды қолдайды деп үміттенеміз», – деп атап өтті Qazaq Oil бас директоры Төлеміс Шотанов. 

Астана әкімдігі өз кезегінде шағын, орта және әсіресе ірі бизнес өкілдерін осындай қайырымдылық акцияларын өткізуге шақырады.

«Бүгінгі таңда АӘК алатын 2274 отбасы ресми түрде тіркелді, бұл-күнкөріс деңгейі орта деңгейден төмен азаматтар. Сонымен қатар, бізде әртүрлі әлеуметтік аударымдар, мүгедектік бойынша жәрдемақылар, бала күтімі бойынша жәрдемақылар және тікелей мемлекет көрсететін басқа да көмек түрлерін алатын отбасылар көп. Демеуші-меценаттардың мұндай акциялары біздің азаматтарымыздың әл-ауқатына оң әсер етеді. Бүгін біз осы іс-шараға қатысу және мұқтаж отбасыларға көбірек көмек көрсету мақсатында барлық бизнесмендеріміз үшін челленджді бастаймыз», - деді Астана әкімінің орынбасары Есет Байкен.

Елордада көмекке мұқтаж адамдар қандай жағдайда тұрып жатқандығын журналистер әкімдік және компания қызметкерлерімен бірлесіп, өз көздерімен көріп қайтты.

Біз еріктілермен бірге Көктомар 22 тұйық көшесіндегі жертөлеге кірген кезде кереуетте жатқан балаларды көрдік, ұйқыдан енді ғана оянған сияқты, не болып жатқандығын түсінбей, бізге аңтарыла қарайды

36 жастағы Гаухар Бекешева – алты баланың анасы, 10-12 шаршы метр болатын екі тар бөлмесі бар осы жертөледе тұрады. Аяқ басар жер жоқ, ал бөлмеге түскен алакөлеңке жарық үйге одан да күңгірт көрініс беріп тұрғандай.

Ол Астанада 18 жыл тұрып жатыр. Тұрмысқа шыққаннан бері осында тұрып жатыр. Үлкен ұлы – 16 жаста, ең кіші баласы – 2 жаста. Көп балалы отбасы мемлекеттен жалдамалы үй алуға кезекте тұр екен – алдарында әлі жүзден астам адам бар. Ал әзірше пәтерді жалға алғанға 50 мың теңге төлейді және оған қоса пеш жағу үшін отын мен көмір сатып алады.

«Азық-түлік әкелгендеріңіз үшін рақмет. Біз мұндай көмекті алғаш рет алып отырмыз. Баршаңызды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймын», – деп рақмет айтты көпбалалы ана.

Әйгерім мемлекеттің көмегіне үміттенеді және пәтер күтіп отыр. Отбасы кезекте 2056-шы болып тұрғанын айтады және билік жалға берілетін үйден 3 бөлмелі пәтер береміз деп уәде етіпті. Көп балалы отбасының жәрдемақысы 69 мың теңге, 1,5 жылға дейін – 30 мың теңге және АӘК. Жалпы айына 180-190 мың теңге шығады. Әзірге Әйгерім үйде отыр, жұмысқа шыға алмайды, балалары әлі жас....

Сонымен қатар, әкімдіктің айтуынша, әкімдікте мұқтаж отбасылардың тізімі халықтың көші-қоны есебінен үнемі жаңартылып отырады. Мемлекеттік қолдаудың арқасында мұндай отбасылардың саны азайып келеді. Бүгінгі таңда мұқтаж отбасылардың күнкөрістің орташа деңгейіне өтуінің оң үрдісін байқауға болады. Отбасылар кезек арқылы немесе басқа да әлеуметтік бағдарламалар арқылы пәтерге қол жеткізеді, жұмысқа орналасады және мемлекеттен басқа да көмек түрлерін алады. Меценаттардан осындай көмектің көрсетілуі – азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға жасалған үлкен қадам.


поделиться