Жаңалықпен бөлісу
Жарияланған күні: 12.07.2021
ӨЗГЕРІС КЕЗЕҢІНДЕГІ БАСҚАРУШЫЛЫҚ КОМАНДА
Компанияда процестік басқару негіздері туралы ұсыныстарды, бірыңғай басқарушылық команда құрамындағы жұмыстар мен тиімді ішкі корпоративтік коммуникация дағдыларын қалыптастыру және дамыту мақсатында 2021 жылдың 5-6 маусымында Нұр-Сұлтан қаласында компания басшылығы үшін «Өзгеріс кезеңіндегі басқарушылық команда: негізгі проблемалары мен оларды игеру жолдары» атты тақырыпқа корпоративтік оқыту өтті. Компанияның топ-менеджменті тренингке қатысты: басшылық, ОА департаменттерінің директорлары және филиал директорлары.
Аталған кездесуде компанияның даму стратегиясын таныстырды, өзекті мәселелерді талқылады. Тренингке қатысушылар көшбасшының басқарушыдан айырмашылығын талқылады, бағыныстылармен келіссөзді қалай тиімді жүргізу қажет екендігін білді, екі ЖМҚС ребрендингін жүргізді, күрделі басқарушылық міндеттерді шешті, ең биік мұнараны салды.
Іс-шара Персоналды басқару департаментінің Әкімшілік департаментімен бірлесіп ұйымдастырылды.