Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 13.11.2020

Нұр-Сұлтанда Qazaq Oil брендімен алғашқы ЖМҚС ашылды.

PetroRetail ЖШС бас директоры Төлеміс Шотанов өзінің Facebook парақшасында жазды.  

“Достар, бүгін біз толығымен бренді өзгерген алғашқы Qazaq Oil ЖМҚС іске қостық. Толық ребрендингтен өткізу – ол резервуарлық паркті, құбыр жолдарын, отын тарату бағандарын, асфальтбетон төсемін, ақпараттық стеланы ауыстыруды, операторлық бөлмені жаңартуды, фриза мен сауда жабдықтарын ауыстыруды білдіреді. Бір сөзбен айтқанда, барлық құрамдас бөліктерін ауыстыру. Тек осы ғана емес. Бұл қызмет көрсетудің жаңа стандарты, жаңа акциялар, ЖМҚС-да кофе мен тамақ ұсыну, тауарлардың жаңа сұрыпталымы болып табылады ”, - деп жазды Төлеміс Шотанов.

Dala Market-тегі кең сұрыпталым, дәмді круассандар мен тіл үйірер кофе, клиентке бағдарланған тамаша сервис және ең бастысы  - біздің жанармай. Ол, шынымен де, еш қоспасыз, таза жанармай.

Толығымен бренді өзгерген Qazaq Oil ЖМҚС – бұл тек атауы ғана өзгерген жоқ, бұл ең алдымен барлық бизнес-процестерді толық қайта жаңарту, жаңа үздік бизнес-процестерді енгізу және табысты бренд жасау болып табылады.

“Бүгінгі таңда ҚазМұнайГаз ЖМҚС өзімен аттас ұлттық компанияға еш қатысы жоқ екендігін атап өткіміз келеді. Сонымен қатар біз осы жанармай құю станцияларымен байланысты барлық жақсыны сақтап қалғымыз келеді. Бұл, ең алдымен, еліміздегі ең ірі және еліміздің шалғайы жеріне дейін кең таралған ұлттық брендті түйсіну. Және, әрине, одан да әрі жақсарта түсу», - деп атап өтті PetroRetail ЖШС бас директоры Төлеміс Шотанов.

2020 жылдың соңына дейін елімізде 26 QAZAQ OIL ЖМҚС, 2021 жылы тағы 107 ЖМҚС ашылатын болады.

QAZAQ OIL бренді – мұнай өнімдерін алдыңғы қатарлы өткізуші, адалдық және мінсіз сапа, тазалық және парасаттылық. Қазақстанда жинақталған барлық жақсыны сол теңдессіз  Qazaq бренді білдіреді. 

QAZAQ OIL. Сіздің жанармай. Сіздің ЖМҚС желісі. Жолдағы сенімді досыңыз.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Qazaq Oil жанармай құю станциясының мекенжайы - Қорғалжын тас жолы, 15. 

 

P.S.

Qazaq Oil-де 30 литрден артық бензин құйғанда кофе сыйлыққа.


поделиться

Иванов

2 years ago
Тестируем