Жаңалықпен бөлісу
Жарияланған күні: 07.04.2025
Qazaq Oil чемпиондары шетелге демалуға аттанады
Келлеровкалық команда Египеттегі бес жұлдызды қонақүйде бір апталық демалыспен марапатталды.
Көкшетауда Qazaq Oil-дың ең ірі желісіне тиесілі жанармай құю станцияларына арналған жыл сайынғы байқау — Чемпиондар лигасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Жыл сайын өтетін Qazaq Oil-дың ең үздік ЖМҚС-ын анықтайтын бұл байқау компания үшін маңызды дәстүрге айналды. Ол барлық қызметкерлерді біріктіреді, себебі бұл байқау жоғары деңгейдегі сервисті көрсету мүмкіндігін ғана емес, елдің түкпір-түкпіріндегі станцияларда еңбек ететін командалар үшін құнды жүлде ұтып алу мүмкіндігін де ұсынады.
Байқау аясында барлық қатысушылар сатылым деңгейі, тиімділік және көлеміне қарай төрт лигаға (А, В, С, D) бөлінді. Бұл қаладағы және ауылдағы станциялар үшін тең жағдай жасауға мүмкіндік берді. Бағалау бірқатар критерийлер бойынша жүргізілді — қызмет көрсету жылдамдығы, жұмыс тиімділігі мен қызметкерлердің сыпайылығы. Сонымен қатар, маңызды аспект ретінде «құпия сатып алушылардың» сапарлары ескерілді, олар әр станциядағы қызмет көрсету деңгейін тіркеді.
Биыл да жеңіс Келлеровкадағы Т-052 станциясына бұйырды — олар қатарынан екінші рет Qazaq Oil желісіндегі ең үздік ЖМҚС атанды. Бұл станцияда 13 адам еңбек етеді, олар өз жетістіктері үшін толық құраммен Египетке демалуға барады.
Qazaq Oil-дың HR директоры Анвар БЕКНАЗАРОВ жеңімпаздарды құттықтап, олардың жетістіктері табандылық, ұйымшылдық және мінсіз қызмет көрсетуге ұмтылыстың нәтижесі екенін атап өтті:
«Біз үшін әрбір қызметкер өзін үлкен ұжымның мүшесі сезінуі және оның еңбегі бағаланатынын көруі маңызды. Чемпиондар лигасы — бұл мықтылар жеңіске жететін әділ дода. Біз еңбектеріңізді лайықты марапаттармен бағалай алғанымызға қуаныштымыз», — деді ол. Сондай-ақ, жаңа байқау басталып кеткенін және барлық станциялар өз нәтижелерін жақсартуға ұмтылуды жалғастыра алатынын айтты.
Qazaq Oil-дың Ақмола және Қостанай облыстарындағы филиалының директоры Қайсар АБРАХМАНОВ Т-052 станциясының жеңісі — командалық жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті. Бұл станция жанармай, тауарлар сатылымы, чектер саны және конверсия көрсеткіштері бойынша көш бастап келеді. Сонымен қатар, мұнда инновациялық технологиялар белсенді енгізіліп жатыр — қызметкерлердің жұмысын талдауда жасанды интеллект қолданылады. Кассалық аймақта орнатылған дауыс талдау құрылғылары қызмет сапасын бақылауға және клиенттердің сенімін арттыруға мүмкіндік береді.
Т-052 АЖҚС менеджері Любовь ВЕРЧИНСКАЯ командасының жетістік құпиясымен бөлісті:
«Біз жеңісімізді мақтан тұтамыз және күн сайын жетілдіруге ұмтыламыз. Бастысы — тұрақтылық, ұйымшылдық және әрбір клиентке көңіл бөлу. Биыл біз Катарда болдық, енді бізді Египет күтіп тұр!»
А лигасындағы үздік қызметкерлерге арналған бас жүлде — Египеттегі бес жұлдызды қонақүйде бір апталық демалыс — ерекше сый болды. Сонымен қатар, Чемпиондар лигасының жеңімпаздарына ақшалай сыйақылар, тұрмыстық техника сатып алуға сертификаттар мен басқа да туристік жолдамалар табысталды.
Qazaq Oil Қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі Әнел ЕЛІКБАЕВА:
«Біздің мақсатымыз — тек сапалы отын мен жоғары деңгейдегі сервисті ұсыну ғана емес, сонымен қатар мықты әрі мотивациясы жоғары ұжымды қалыптастыру. Чемпиондар лигасы — бұл жай ғана жарыс емес, үздіктердің үздігін мойындау, бүкіл желіге үлгі бола алатын адамдар. Біз жеңімпаздарымызды мақтан тұтамыз және олардың еңбектері лайықты марапатқа ие болғанына қуаныштымыз», — деді.
Qazaq Oil биыл да чемпиондарын марапаттау дәстүрін жалғастырады. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жаңа финалистер анықталады, олар жыл соңына дейін желідегі ең үздік команда атағы үшін күреседі.
Компания жыл сайын қызмет көрсету
сапасы, сервис деңгейі мен тауарлар ассортименті жақсара түсетініне сенімді.
Қызметкерлер де үздік болуға ұмтылып, өсіп отырады. Себебі, Qazaq Oil
Чемпиондар лигасы сынды байқаулар командаларды жоғары стандарттарға жетуге
ынталандырады, бәсекелестік рухын арттырады, бұл өз кезегінде клиенттердің
сенімі мен адалдығын нығайтуға ықпал етеді.