Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 16.11.2020

Мейірімділік акциясы: жылулықпен бөлісіңіз.

Қар жауып, аяздың алғашқы белгісі сезіле бастады. Қылышын сүйретіп қыс келді! Осындай шақта біз сізді бір-бірімізге жылылық сыйлауға шақырамыз – QazaqOil жанар-жағармай бекеттерінде әр адам өзінен кейін келетін клиентке шағын тосынсый қалдыра алады. Бір шыныаяқ кофенің немесе бір құты санитайзердің, болмаса бірнеше литр бензиннің бағасын төлеп кете алады :))

Егер осындай сыйлыққа ие болып жатсаңыз, басқа адам үшін сіз де тосынсый қалдыруды ұмытпаңыз. Бұл өзара сыйластық жайлы #делайдобро хештегімен стористе жазып қалдырыңыз. Біз сіздердің стористеріңізді жинақтап, ол туралы кеңірек айтатын боламыз.

Бұл қыста бір-бірімізді жылыта жүрейік!


поделиться