Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 12.04.2025

Алаяқтардан сақ болыңыздар

Құрметті клиенттер!

 

Әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен түсірілген бейнежазба таралып жатыр. Онда Qazaq Oil компаниясымен бірлесіп жаңа қаржылық бағдарлама іске қосылғаны туралы айтылған.

Таратылған ақпарат жалған.

 

Аталған видеода қолданылған дыбыс – жалған дубляж, ал бейнеқұрылым Президенттің 2022 жылғы референдум алдындағы ресми үндеуінен алынған. Ол үндеуде Qazaq Oil компаниясы туралы ешқандай мәлімет жоқ.

 

Qazaq Oil ешқандай инвестициялық платформаларға қатыспайды және интернет арқылы табыс табу қызметтерін ұсынбайды.

 

Сіздерден сақ болуды сұраймыз:

— күмәнді сілтемелерге өтпеңіздер,

— жеке деректеріңізді енгізбеңіздер,

— бөгде адамдарға ақша аудармаңыздар!

 

Qazaq Oil сенімді ақпаратты тек ресми арналары арқылы жариялайды — qazaqoil.kz сайты мен Instagram-дағы @azs_qazaq_oil парақшасы.

 

Толығырақ ақпарат:

https://stopfake.kz/ru/archives/23986


поделиться