Жаңалықпен бөлісу
Жарияланған күні: 20.04.2026
Qazaq Oil-дың 5000 астам қызметкері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
Елімізде жүзеге асып жатқан Таза Қазақстан республикалық бастамасы аясында қоршаған ортаны қорғау мен қоғамдық кеңістіктерге ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жалғасуда. Жалпыұлттық экологиялық науқанға мемлекеттік органдармен қатар бизнес қауымдастық та белсенді түрде атсалысып келеді.
Осы бастамаға Qazaq Oil компаниясы да қосылып, республика бойынша ауқымды сенбілік ұйымдастырды. Акция аясында компанияның 5000-нан астам қызметкері жұмылып, ел аумағындағы 400-ден астам автожанармай құю станциясында тазалық және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Сенбілік барысында АЗС аумақтары тазартылып, қоқыс шығарылды, іргелес аумақтар ретке келтірілді, көгалдандыру және инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар келушілер күнделікті пайдаланатын демалыс аймақтары, автотұрақтар мен кіреберіс аумақтарына ерекше назар аударылды.
Компания үшін бұл акция тек бір күндік экологиялық шара емес, корпоративтік жауапкершіліктің және тұрақты даму қағидаттарының жалғасы ретінде қарастырылады. Кең филиалдық желісі бар бизнес үшін қоршаған ортаға ұқыпты қарау – операциялық қызметтің маңызды бөлігі.
Qazaq Oil инфрақұрылымы күн сайын мыңдаған азамат пайдаланатын жол экожүйесінің бір бөлігі болғандықтан, компания қоғамдық кеңістіктердің сапасына үлес қосуды маңызды міндеттердің бірі ретінде қарастырады.
«Таза Қазақстан» аясындағы бұл бастама бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігін көрсетіп қана қоймай, экологиялық мәдениетті нығайтуға және тазалықты күнделікті өмір салтына айналдыруға бағытталған нақты қадам болды.
Call-Центр: