Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 25.03.2022

Футболшы мамандығын өзгертеді. Qazaq Oil және "Қайрат" ФК алматылықтарды Наурыз мерекесімен қалай құттықтады

22 наурызда Алматыдағы ЖМҚС-лардың бірінде дәстүрге айналған Qazaq Oil желісі мен "Қайрат" ФК бірлескен акциясы өтті. Алматы футбол клубының үздік ойыншылары мамандығын бірнеше сағатқа ауыстырып, жанармай құю станциясының қызметкерлеріне айналды.

«Баршаңызды көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Біз Қазақстанда ЖМҚС арасында көшбасшы болып табылатын Qazaq Oil сияқты сенімді серіктесіміздің бар екендігіне өте қуаныштымыз. Біз осы компаниямен бірге бірнеше жыл бойы Алматы қаласының жанкүйерлері, тұрғындары мен қонақтарының үлкен қызығушылығын тудыратын осындай акциялар өткізіп келеміз. «Қайрат» футбол клубы әркімге ашық, ал осындай акциялардың арқасында біз адамдарға жақындай түсеміз», - деді «Қайрат» ФК бас директоры Асқар Есімов.

Команданың екі ойыншысы – қорғаушы Сергей Кейлер және жартылай қорғаушы Адам Адахаджаев-қолтаңба таратып және фотосессия жасай отырып, фан-кездесу өткізді, содан кейін олар рөлдерін ауыстырып, әр қонаққа фирмалық хот-догтардар дәм татқызды, сонымен қатар өз жанкүйерлерінің көліктеріне жанармай құйды.

«Мұндай іс-шаралар көптеген адамдар үшін ерекше болғанымен, біз үшін қалыпты жағдай. Өздеріңіз білетіндей, ойыннан кейін футболшылардан қолтаңба алу немесе бірге суретке түсу мүмкін емес. Алматылықтардың «Қайрат» футбол клубын қаншалықты жақсы көретінін біле отырып, жанкүйерлер суретке түсіп, жұлдыздармен тілдесуі үшін спортшыларды біздің жанармай құю станцияларына шақыруға тырысамыз», – деді Qazaq Oil PR-директоры Әсел Әлімханова.

Осындай форматтағы фан-кездесулерге әрқашан отбасылар келеді – «Қайраттың» жанкүйерлері арасында балалар мен жасөспірімдер өте көп.

Сондай-ақ, арнайы келіп, тек «қайрат футболшылары» жанармай құюына кезек күткен адал жанкүйерлері де болды.

"Біз қымбатты және сүйікті клиенттеріміз үшін тартымды орынға айналғымыз келеді, – деп жалғастырды Әсел Әлімханова. - Біздің акцияларымыз жанар-жағармай құю бекеттерін ЖМҚС ретінде ғана емес, сондай-ақ келіп, тілдесуге, тамақтануға, жұмыс істеуге, азық-түлік сатып алуға және өз кумирлерімізді қарсы алуға болатын орын ретінде танымал етуге бағытталған. Және, әрине, сапалы жанармай құю. Біздің жанармай құю станцияларымыз барлығына ашық".

Футболшылар өздерінің уақытша міндеттерін «өте жақсы» орындап, қазақстандықтарға бақыт, бейбіт аспан мен денсаулық тіледі.

Qazaq Oil мен «Қайрат» ФК арасындағы ынтымақтастық 2020 жылы басталды. Қазақстанда отандық спортты қолдауды кеңейту шеңберінде ЖМҚС желісі Ұлттық паралимпиада комитетінің демеушісі болды.


Источник: https://informburo.kz/special/futbolist-menyaet-professiyu-kak-qazaq-oil-i-fk-kairat-pozdravili-almatincev-s-nauryzom


поделиться