Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 28.10.2020

Машинама қандай бензин құйған дұрыс?

Әрқайсысымызда көкейімізде осындай сұрақ туындайды, бұл тақырыпқа көп мақала да жазылды, бірақ бізге әрдайым бензин сапасын қалай тексеретіндігі туралы айтып беруімізді сұрайтын сауалдар көптеп түсіп жатады. Біздің қымбатты әріптестеріміздің өтініштерін жерге қалдыра алмаймыз. Сондықтан назарларыңызға осы постты ұсынамыз.

Біздің компаниямыздың маңызды міндеттерінің бірі әрбір клиентімізге сапалы тауарлар мен қызметтер ұсыну болып табылады.

Біздің барлық ЖМҚС желісінде сапаны көп деңгейлі тікелей бақылау жүйесі жұмыс істейді. Бұл нені білдіреді? Біз отынды мұнай өңдеу зауытынан мұнай өнімдерін тиеген сәттен бастап жанармай құю станциясында тұтынушыға босатқанға дейін тексереміз. Әрбір қадам, әрбір іс-қимыл – барлығы бақылауда. Мұндай тәсіл соңғы тұтынушы үшін, яғни сіздер үшін отынның зауыттық өлшемдері сапасын сақтауды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ бізде Нұр-Сұлтан, Алматы және Атырау қалаларында сынақтау зертханалары бар, мұнда кез-келген адам отын сапасын тексере алады. Жақында ғана Хабар24 түсіру командасы бензин сапасын осылай тексерді. Қызықты ма? АИ 92 бензинін тексеру нәтижесі бойынша оның октан саны 93,2 сәйкес келеді. Бұл жанармайдың сапасы өте жақсы екендігін білдіреді.

Сіздің жанармай. Сіздің ЖМҚС желісі. Жолдағы сенімді досыңыз.


поделиться

RichardLesRM

2 years ago
Узнате про особенности и меры для <a href=http://www.wofwom.com/2021/07/05/vyvedenie-klopov-osobennosti-obrabotki/>выведения и уничтожения клопов</a> в квартире, на даче, дома. Мы работаем в Москве. Ведь совершенно никому не хочется проснуться дома покусанным клопами или другими насекомыми. Служба дезинфекции Изосепт уничтожит клопов после первого приезда и вам больше никогда не придется думать об этих паразитах. Гарантированное уничтожение клопов в квартире - решение проблем с клопами.