Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 24.09.2024

Командалық жүгіру: Астанада Qazaq Oil екінші жыл сайынғы марафоны өтті

Qazaq Oil компаниясының қызметкерлері Астанада Мұнай және газ саласы қызметкерлері күніне арналған жыл сайынғы марафонға екінші рет жиналды.

Компанияның корпоративтік мәдениетінің маңызды бөлігіне айналған бұл іс-шара Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысушыларды жинап, Qazaq Oil компаниясының салауатты өмір салтын қолдауға және командалық рухты нығайтуға деген ұмтылысын көрсетті.


Halyk қайырымдылық қорының қолдауымен ұйымдастырылған марафон 10 шақырым қашықтықты еңсеруге дайын 50-ге жуық қызметкердің басын қосты. Спортқа деген құштарлықпен шабыттанған қатысушылар ертеңгілігін елорданың ең көрікті жерлерінің бірі – «Астана» триатлон саябағында бастады.

Қашықтықта қолдау мен бірлік атмосферасы орнады. Компанияның әр түрлі филиалдарындағы әріптестер бәсекеге түсіп қана қоймай, бір-бірін жігерлендіріп, ұйымшылдық мен командалық рухты көрсетті. Әр қатысушы өз қарқынымен қашықтықты жүріп өтті, өйткені барлығы үшін ең бастысы мәреге жету ғана емес, сонымен бірге ортақ мақсатқа қатыстылығын сезіну болды.


Іс-шара салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталды, онда медальдармен барлық қатысушылар, ерік-жігері мен төзімділігін көрсеткендер, атап өтілді. Жеңімпаздарға спорттық дүкеннің 300 000, 200 000 және 100 000 теңге сомасындағы сертификаттары табыс етілді.

Жеңімпаздар тізімі келесідей:

Әйелдер тұғыры:

1. Гапеева Наталья, СҚО, Т-328 сауда залының менеджері. Нәтиже – 55 минут 43 секунд;

2. Сусина Анастасия, АҚО, С-43, кассир-сатушы. Нәтиже – 61 минут;

3. Сариева Асель, ОА, бас бухгалтердің орынбасары. Нәтиже – 62 минут.


Ерлер тұғыры:

1. Есполов Самат, СҚО, слесарь-электрик. Нәтиже – 39 минут және 9 секунд;

2. Абдулгазинов Болат, Қарағанды, мұнай базасының сорғы станциясы мен технологиялық жадбықтар машинисі. Нәтиже – 41 минут 25 секунд;

3. Нурмуратов Женисбек, ОҚО, Н-391 ЖМҚС операторы. Нәтиже – 42 минут 50 секунд.


Qazaq Oil ұжымдық байланыстар мен ұжымның әл-ауқатын нығайтуға ықпал ететін іс-шараларды жоспарлай отырып, өз қызметкерлері арасында салауатты және белсенді өмір салтын қолдауды жалғастыруда.


поделиться