Жаңалықпен бөлісу
Жарияланған күні: 22.02.2021
Қазақстандағы ең ірі ЖМҚС желісі еліміздегі ең танымал спорттық командасына қолдау көрсетеді
Qazaq Oil ЖМҚС желісі мен «Қайрат» футбол клубы 19 ақпанда ынтымақтастық туралы үшжылдық келісім жасасты, оның шеңберінде компания Қайрат футбол клубының спорттық нәтижелерін дамытуға ғана емес, сонымен бірге оның барлық ауқымды инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсететін болады.
«Қайрат» ФК – Қазақстанда УЕФА стандарты бойынша жұмыс жасайтын жалғыз жеке меншік футбол клубы. Клуб жүйесіне еліміздің барлық өңірлерінен ең қабілетті ойыншылардың тұруына арналған интернатымен балалар және жасөспірім футбол академиясы енеді. Оның құрылымына, сондай-ақ кәсіби команданы дайындауға арналған заманауи база, УЕФА сертификаттаған футбол алаңдары мен ойыншылар және клуб тәрбиеленушілерінің барлығын біріктіріп тұратын жоғары дәрежелі жаттықтырушы құрамы енеді. Бүгінгі күні «Қайрат» ФК – ТМД аумағында өз футболшыларын дайындауға толық циклі бар спорттық франшиза құрудың бірден бір сәтті үлгілерінің бірі. Қазақстандық ойыншыларды жетілдіру және дамытуға талпыну, ең алдымен, Qazaq Oil брендін қызықтырды.
- Иә, клиент үшін де және жанармай құю станцияларының желісі ретінде біз үшін де бірінші кезекте сапа – өнімнің және қызмет көрсету сапасы болып табылады. Сондай-ақ бізге отын бағасы мен ЖМҚС локациялары маңыздығымен қатар біз үшін бұдан басқа қызмет көрсету толықтығы, яғни өнімнің неден тұратындығы да маңызды, яғни идея. Біз «Қайрат» футбол клубы неге талпынып отырғандығын көріп отырмыз, олар – қазақстандық футболды дамытуға, қазақстандық жасөспірімдердің армандарына қол жеткізуге, яғни болашақта Пеле, Месси немесе Роналду сияқты атақты футболшылар болуына мүмкіндік беруге күш жұмсауын көреміз. Біз де толығымен осы қадамдарын қолдаймыз. Біздің компаниямыздың концепциясының бірі ұлттық бірегейлікке талпыну болып табылады, біз де, «Қайрат» сияқты осы бағытта жұмыс жасаудамыз, - деп айтты Qazaq Oil-да.
Өз кезегінде клубта команданың негізгі мақсаты – қазақстандық футболды дамыту және елімізде бұқаралық спортты әйгілендіру, яғни дені сау ұлт идеясын ілгерілету болып табылады.
- Даму стратегиясына сәйкес клуб өз миссиясын ұстануда: ең үздік футбол клубы болу, еліміздегі бұқаралық спортты қолдау, қазақстан футболының тарихын сақтау және Алматы қаласында футбол дамуы үшін кешенді жағдайлар жасау. Біз Қазақстанда Qazaq Oil деген патриоттық атауымен компания бар екендігіне, олардың ұлттық құндылықтарымызды ілгерілетіп жатқандығына қуаныштымыз, - деп атап өтті «Қайрат» ФК өкілдері.
«Қайрат» футбол клубынан басқа Qazaq Oil Рио-2016 олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке қолдау көрсететіндігін атап өткен жөн. Кәсіби рингтегі активінде 10 жеңіс және бірде-бір жеңіліп көрмеген 29 жастағы боксшы бренд бейнесіне айналды.
Qazaq Oil еліміздің әлеуметтік және қайырымдылық өмірінің ажырамас бөлігі болуға талпынуда және жақын уақытта басқа да осындай акциялардың ұйымдастырушысы және қатысушысы болады.
- Біз алдағы уақытта жас және әлі ешкімге танымал емес суретшілерді, яғни қандай да бір музейлерде немесе көрмелерде өз жұмыстарын қоюға мүмкіндігі болмаған, басқаша айтқанда өз суреттерін сатуға мүмкіндігі болмаған жастарды қолдау бойынша жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Біз конкурс жариялап, барынша перспективті және қабілетті суретшілеріміздің жұмыстарын сатып алып, өзіміздің ЖМҚС-ларда ілуді жоспарлап отырмыз, - деген жаңалықтарымен бөлісті Qazaq Oil-да.
Бүгінгі таңда Qazaq Oil-ға 344 жұмыс жасап тұрған жанар-жағар май құю станциясына иелік етеді (бұрынғы атауы - «ҚазмұнайГаз» ЖМҚС).
Соңғы екі жылда әрбір ЖМҚС-да дерлік айтарлық өзгерістер жасалды: жаңа операторлық және сауда жабдықтары, жаңа құбыр жолдары мен отын тарату бағандары орнатылды, ЖМҚС-да жанармай сақтайтын орындар жаңартылып, әрдайым тазартылып отырады. Бұл Qazaq Oil жанармай құю станцияларының әрқайсысы – бензин сапасының кепілдігі, сондай-ақ құйылған жанармайдың дәл нақты көлемінің кепілдігі болып табылатындығын білдіреді, бұл өте маңызды.
2020 жылдың қарашасында компания ребрендингтің түпкілікті сатысына өтті, Qazaq Oil атауымен мүлдем жаңа жанармай құю станцияларын аша бастады. 2020 жылдың соңына дейін 26 осындай ЖМҚС ашылды. Ағымдағы жылы басшылық еліміздегі тағы 100 жанармай құю станциясында ребрендинг жүргізуді жоспарлап отыр. Қалған ЖМҚС-лар 2022-2023 жж. түпкілікті қайтадан жаңартылатын болады.
- Біздің өзгеруіміз – тек қана маңдайшасын ғана ауыстыру емес, бұл бизнес-процестерді толығымен жаңарту болып табылады. Біз жаңадан қызмет көрсету стандартын, жаңа акцияларды, ЖМҚС-да тамақ пен кофе ұсынуды, жаңа тауар сұрыпталымы мен олардың жаңаша қойылуын енгіздік. Бұлардың барлығына бәріміз бірге қол жеткіздік! Әрбір қазақстандыққа алғысымызды білдіреміз, Сіздер – біздің құндылықтарымыз болып табыласыздар! Сенім – серіктестер арасындағы ең бастысы, - деп атап өтті Qazaq Oil-да.
Иванов
3 years ago