Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 24.01.2021

«QAZAQ OIL» брендті ЖМҚС желісінің жарнама компаниясының бейнесі бокс бойынша Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов болады.

29 жастағы кәсіби боксшы Данияр Елеусінов PetroRetail компаниясы басшылығының «QAZAQ OIL» брендін ілгерілеуге қатысуға байланысты ұсынысын қабыл алды.

Даниярдың айтуынша ол «QAZAQ OIL» ЖМҚС желісі ұсынатын жанармайдың сапасы мен көрсетілетін қызметтерінің жоғары сапада екендігіне көз жеткізген.

“QAZAQ OIL” даму концепциясы менің рухани-адамгершілік құндылықтарыма сәйкес келеді. Оларда жақсы сервис бар, менде рингте адал еңбегіммен жеткен атағым мен беделім бар. Әлемдік аренаға QAZAQ OIL логотипімен шыға отырып, мен біздің халықтық брендке танымалдылық әкеле аламын. Менің спорттық киімімді қазақша ою мен Kazakhstan жазуы безендіреді. Компания логотипі бұл бейнені толықтырып тұратын болады, - деп санайды Данияр Елеусінов.

Данияр Елеусінов «QAZAQ OIL» ЖМҚС желісі отандық тауар өндірушілерге айрықша мүмкіндік беретіндігін атап өтті. Мұнда «Made in Kazakhstan» таңбалы тауарларға артықшылық беріледі. Ол компания басышылығының ЖМҚС-дағы минимарткеттер сұрыпталымына қазақтың ұлттық сусындары – қымыз бен шұбатты қосу туралы ниетін қолдайды.

"Мен Қазақстанда біздің ұлттық құндылықтарымызды ілгерілетуге дайын компания бар екендігіне қуаныштымын.  Бұл өте тамаша,  сондықтан да мен QAZAQ OIL-ды қолдап отырмын",- деп атап өтті спортшы.

Оның айтуынша  QAZAQ OIL брендін өз елінде, сондай-ақ әлемдік аренада танымал ету — ол үшін үлкен абырой.

«ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ ЖМҚС желісін сатып алған PetroRetail  компаниясы 2020 жылдың қарашасында «QAZAQ OIL» брендімен жаңа жанар-жағар май құю станцияларын іске қосты. Ағымдағы жылы компания басшылығы еліміздегі 100 жанар-жағар май құю станциясына ребрендинг жүргізуді  жоспарлап отыр.


поделиться