Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 29.08.2024

«Қайырымды істер марафоны»: мыңдаған отбасылар Qazaq Oil-дан көмек алды

Qazaq Oil компаниясы Астана әкімдігімен бірге Конституция күніне арналған қайырымдылық шарасын өткізіп, елордамыздың аз қамтылған отбасыларына азық-түлік жиынтықтарын тарату акциясын ұйымдастырды. Бүгін «Астана Жастары» волонтерлері негізгі азық-түлік өнімдерін қамтитын мың жиынтықты үлестірді.


«Қайырымды істер марафоны» тоқсан сайын өткізіліп, Qazaq Oil-дың мұқтаж жандарға көмек көрсетуге бағытталған ұзақ мерзімді әлеуметтік бастамасының бір бөлігі болып табылады. Компания мұндай шараларды өткізу корпоративтік міндеттерді орындаудан бөлек, қиын жағдайға тап болған адамдардың өміріне позитивті өзгерістер енгізуге деген ұмтылыс ретінде қарастырады.

«Біз үшін әлеуметтік жауапкершілік тек сөздермен шектелмейді. Біз қоғамдағы рөлімізді түсінеміз және әлеуметтің ең әлсіз топтарын қолдауға тырысамыз. Астана әкімдігімен бірге мұқтаж отбасыларға көмектесу үшін осы бастаманы әзірледік, және біздің үлгіміз басқа компанияларға шабыт береді деп үміттенеміз», — деді Qazaq Oil компаниясының Қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Әнел Еликбаева.


Азық-түлік жиынтықтары негізгі азық-түлік өнімдерін, соның ішінде жарма, ұн, қант, май және күнделікті қолдануға қажетті басқа да тауарларды қамтиды. Жиынтықтардың құрамын алушылардың қажеттіліктері мен талғамдарын ескере отырып таңдағандықтан, көмек олардың мұқтаждарына барынша сәйкес келеді.

«Qazaq Oil мен әкімдікке бізге назар аударып, қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын, қиын сәттерде көмек көрсетіп, қолдап отыр. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын, денсаулық, бақыт және табыс тілеймін. Балаларымыздың дені сау болсын», — деді азық-түлік жиынтығын алғашқы алғандардың бірі Дана Шапенова.


Астана әкімдігі осы акцияны жүзеге асыруда негізгі рөл атқарып, азық-түлік жиынтықтарын тарату процесін үйлестіру және мұқтаж отбасыларды анықтау бойынша толыққанды қолдау көрсетті. Жергілікті атқарушы билік өкілдерінің айтуынша, мұндай бастамалар тек әлеуметтік мәселелерді шешуге ғана емес, бизнес, мемлекет және қоғам арасындағы сенімді нығайтуға да ықпал етеді.


Qazaq Oil тұрақты түрде спорттық, мәдени және қайырымдылық бастамаларды қолдайды. Биыл компания су тасқынынан зардап шеккендерге және табиғи апаттың зардаптарын жоюға көмек көрсету үшін 150 млн теңге бөлді.


поделиться