Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 19.06.2023

Qazaq Oil-да Халықаралық Донор күні

14 маусымда Халықаралық қан доноры күні атап өтіледі. Біз Qazaq Oil компаниясының осы маңызды және игілікті бастамадан тыс қалмағанын қуана хабарлаймыз. Бүгін біздің қызметкерлер көптеген қазақстандықтардың өмірін сақтап қала алатындай  өз қандарын тапсырды.

 

«Осы игілікті акцияға қатысқан  «Qazaq Oil» және «PetroRetail PFS» қызметкерлеріне үлкен алғысымызды білдіреміз. Сіздің қоғам денсаулығына қосқан үлесіңіз өте құнды және баға жетпес, бұл қиын жағдайға тап болған және медициналық көмекке мұқтаж адамдарға көмектесетіні сөзсіз», – деп атап өтті компания.

 

«Qazaq Oil» және «PetroRetail PFS» орталық аппаратының қызметкерлері барлығы 15 литр қан жинап, 34 адам донор атанды.  Сонымен қатар, қайырымдылық көмек аясында жиналған барлық қаражат «Мен тірімін» жануарларға арналған баспанаға құрғақ азық сатып алуға жұмсалды.

 

Донорлық - бұл үміт сыйлау мен жаңа өмірге мүмкіндік беру.  Біз барлығын донорлық қозғалысқа қосылуға және осы маңызды миссияның бір бөлігі болуға шақырамыз. Әрқайсымыз қанға зәру жандарға көмектесе аламыз.



   


поделиться