Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 11.08.2021

Мұхтар Сүйірбасов – баланы құтқарды!

29 маусымда Маңғыстаудағы біздің әріптесіміз Мұхтар Сүйірбасов Каспий теңізінің жағасында демалып жатқан кезде, жан ұшыра көмек сұраған дауыстарды естиді. Ол еш ойланбастан, батып бара жатқан жасөспірімді құтқаруға  асығады.

Оның батылдығының арқасында бала құтқарылды. Біз әріптесімізді мақтан тұтамыз.

 

МҰХТАР БІЗГЕ БЫЛАЙ БАЯНДАП БЕРДІ.

Кешке жұмыстан соң теңізге бардым, мен негізі жұмыстан кейін Каспийде сирек демаламын. Сол күні толқындар да күшті болды. Құтқарушылар мұндай ауа райында суға түспеуге кеңес береді.

Біршама уақыт өткен соң суға батып бара жатқан баланы көрдім. Су жағасында адам көп еді. Жағадағы адамдар айғайлап, байбалам салды. 5-6 ер азамат баланы құтқару үшін суға сүңгіп кетті. Толқынның қатты болғаны соншалықты, көбі жағаға қайтып келуге мәжбүр болды.

 

Бұл уақытта мен де батып кетуім мүмкін деген ой болған жоқ. Тіпті олай ойлауға уақытым та болмады. Мен де баланың соңынан малти жөнелдім, балаға жетіп, оны судың астынан ес-түссіз күйінде тауып алдым. Сол сәт кинодағы кадрлар сияқты көз алдымнан өтті.

Балада дем болмады. Бір кезде жөтеле бастап, есін жиды.

- Балам, қорықпа, мен сені құтқарамын, жағалауға шығарамын, тек менен ұста, - дедім.

- Аға, мен өлген шығармын деп ойладым. Көп рахмет, аға, - деді бала.

Бала шошып қалған, бірақ оның көзінен маған деген ризашылығын көрдім. Маған одан артық ештеңе керек емес!

Біз 15-20 минуттай жағалауға қарай малтыдық. Бала менен қатты ұстап алды, суға тағы да батып кетемін бе деп қорқып қалған. Мен баланы ата-анасына табыстаған кезде ғана, адам өмірін сақтап қалғанымды сезіндім. Келесі күні аудандық әкімдік маған алғысын білдіріп, грамота табыстады.

Мен өзімді батырмын деп санамаймын. Адам болу – адамдарға, қиындыққа тап болған адамдарға қол ұшын беру, жәрдемдесу деп білемін. Бұл – біздің әрқайсысымыздың міндетіміз. Менде де үш балам бар. Мен оларға әрқашан айтып отырамын:  «Адам болыңдар! Адамдарға көмек көрсетіңдер,  жақсылық жасаңдар. Дұрыс өмір сүріңдер!» . 

Ал, әріптестеріме толағай табыстар мен мапсаптық өрлеу тілеймін. Суда да, жерде де қауіпсіздік жайында ұмытпаңдар (күледі). 


поделиться