Qazaq Oil жанармай құю станцияларының желісі су добына арналған доп жасауға қаражат құюшы демеушілердің бірі болды. Осылайша компания Қазақстанда спорттың дамуына өз үлесін қоспақшы. Бұл туралы inbusiness.kz тілшісі хабарлайды.
Су полосы командаларын жасына сәйкес сапалы доптармен қамтамасыз ету үшін аймақтарда бюджеттік қаржыландыру жеткілікті бола бермейді. Жаңа доптар барлық стандарттар бойынша, ерлер, әйелдер және жасөспірімдер үшін әртүрлі мөлшерде жасалады. Олар адам қолына берік жабысып, сырғып кетпейді. Доп өндірушілер — бұрынғы әлемдік деңгейдегі ватерполистер. Доптар Алматыдан су полосы бойынша басқа қазақстандық өңірлік клубтарға жіберіледі. Qazaq Oil компаниясы еліміздегі спорт тек әкімдіктің ғана емес, бизнестің де қолдауының арқасында дамуы тиіс екенін атап өтті. Су спорты федерациясының президенті Андрей Крюковтың айтуынша, бұл ұзақ мерзімді жоба.
"Sport Qory қорымен бірге бүгін Qazaq Oil компаниясы демеушілік жасады. Бізде енді ұлттық чемпионатқа арналған арнайы добымыз бар, әлем бойынша мұндай артықшылықпен мақтана алатын елдер бірең-сараң, өйткені доп өндірісінде белгілі бір нюанстар болуы керек. Біздің демеушілеріміз байыпты көрегендік танытты, себебі жоба ұзаққа созылмақ, ал әр доп брендтелген", – деді Андрей Крюков.
Жаңа доптың тұсаукесері мен табыстау рәсімі ардагерлер мен чемпиондардың су полосы резервтік командасына қарсы матчы кезінде өтті. Ойынға атақты қазақстандық спортшылар да қатысты, олардың арасында жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин мен бокстан әлем чемпионы Серік Сәпиев бар. Қазақстандық боксшы су полосын шамамен 10 жыл бұрын ойнай бастаған. Тұрақты жаттығулардан кейін спортшы тартылып, әуесқой жарыстарға қатыса бастады. Серік Сәпиевтің айтуынша, спортты қаржыландырусыз дамыту мүмкін емес.
"Демеушілік — ізгі іс, әсіресе кішкентай балалар мен жасөспірімдердің спорты үшін қаражат ертең жемісін береді. Бүгінгі бала — ертеңгі чемпион. Ол ертең үлкен спортта үлкен нәтижелерге қол жеткізеді. Балалар мен жасөспірімдер спортының қолдауынсыз бізде ересектер спортында нәтиже болмайды", - деді Серік Сәпиев.
Qazaq Oil компаниясы қазақстандық спортты дамытуға бірінші жыл демеушілік көрсетіп отырған жоғын айтып өткіміз келеді. Компания бұған дейін Beijing 2022 XIII қысқы Паралимпиада ойындарында спортшыларды қолдаған болатын. Жанармай құю станциялары желісі джиу-джитсу, бокс, үстел теннисі мен су спорты сияқты спорт түрлерін дамытуға өз үлесін қосып келеді.