Жаңалықпен бөлісу
Жарияланған күні: 08.11.2022
"Үйге келгендей боламыз": Qazaq Oil жанармай құю станциясының қызметкері
"Үйге келгендей боламыз": Qazaq Oil жанармай құю станциясының қызметкері жұмысының артықшылықтары жайлы айтты
Еліміздегі ең ірі жанар-жағармай құю станциясы желісінің қызметкерлері компаниядағы жұмыстарының артықшылықтары туралы айтып берді.
Қазақстанда бүгінде 381 Qazaq Oil жанармай құю станциясы жұмыс істеп тұр. 2020 жылы "ҚазМұнайГаз" брендін Qazaq Oil-ға ауыстыру процесі компания қызметкерлері үшін оңай тиген жоқ. Себебі компанияның аты ғана өзгерген жоқ еді. Оның түпкі философиясы, менеджменті, бизнес құру және клиенттермен жұмыс істеу тәсілі де өзгерді. Qazaq Oil "жанар-жағармай құю станциясы" деген ұғымның өзін өзгертуді шешті. Қазір бұл көлікті жанармаймен толтыратын орын ғана емес. Енді мұнда жүрек жалғап алуға, жаңа қайнатылған кофеден дәм татуға, азық-түлік пен тұрмыстық заттарды сатып алуға болады. Яғни станция енді жай ғана жақсы көңіл күй сыйлайтын орынға айналған.
Тозған қорды жаңаландыру жұмыстарының арқасында Qazaq Oil мұнай өнімдері 57%-ға жақсы сатыла бастады. Халық тұтынатын тауарларды сату бірден 10 есеге өсті. Сәйкесінше мұның барлығы мемлекет қазынасына түсетін салық төлемдерінің жалпы сомасына әсер етті. Осылайша Qazaq Oil 2019 жылы 419 миллион теңге салық төлесе, ал 2020 жылы бұл сома 6,7 миллиардға жеткен. Компания 2021 жылы – 9,2 миллиард, 2022 жылы 5,7 миллиард теңге салық төледі.
Соңғы екі жылда жанармай құю станциялары желісі жеткізушілер санын 600-ден 1700-ге дейін көбейткен, қуантарлығы, олардың 85%-ы - қазақстандықтар. Қызметкерлер саны 3200-ден 4500 адамға дейін көбейген, орташа жалақы 57%-ға өсті. Компания ұжымдық мәдениетті дамытуға ден қойған, кәсіподақ та құрылған. Qazaq Oil қиын жағдайға тап болған қызметкерлерге қолдау беруге тырысады. Мәселен, жақында кәсіпорында жұмыс істейтін қызметкердің біріне қатерлі ісік дертін жеңуге кәсіподақ қолдау жасады.
Жанармай құю бекетінің қалай өзгергенін компания жұмысшыларынан сұраған жөн болар. Qazaq Oil қызметкерлері арасында 20 жыл жұмыс істегендер де бар. Мәселен, тараздық Тоқтамыс Айдарбеков қазір 45 жаста. Жанармай құю бекетінде ол 2004 жылдан бері еңбек етеді.
"Жұмысқа бұрын, компания әлі "ҚазМұнайГаз" болып тұрған кезінде орналасқанмын. Оператор болдым, халық арасында "пистолетчик" дейді ғой. Кассир болуды ұсынған, бірақ қағазбен жұмыс істегенді аса ұнатпаймын, оператор болғанды құп көрдім. Артықшылықтарына келсек, жалақы үнемі уақытылы түседі, еңбек демалысы да өз уақытымен, әлеуметтік пакет бар, сонымен қатар жоспарды орындасаң, бонус та төленеді. Барлығы өзіңе байланысты: біздің компанияда адал жолмен табыс таба аласың. 2 күн және 1 түн жұмыс істеп, 4 күн демаламын. Бос уақытта қосымша жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар. Qazaq Oil үнемі өз жұмысшыларымен келісімге келеді, бекеттерде жұмыс істейтін адамдарға құрметпен қарайды.
Клиенттер жанармай құю бекеттеріндегі ребрендинг жасағанын байқап жатады. Сөздерінше, бекеттер заманауи бола түскен. Клиенттермен жақыным секілді сөйлесемін: қалжыңдасып, күлеміз, бір-біріміздің қал-жағдайымызды сұрасамыз. Адамдарға бұл ұнайды. Мен де жұмысымды барымды салып істеймін. Өйткені компания да маған дәл осындай қарым-қатынас жасайды", – дейді Тоқтамыс.
Qazaq Oil жанармай құю бекетінің касса қызметкері Бибігүл Дусмағұлова да қызметкерлер үшін компания бірқатар артықшылықтар ұсынатынын атап өтті.
"Бізде әлеуметтік пакет өте жақсы, жыл сайын міндетті түрде медициналық тексерістен өтеміз, барлық сараптамаларды тапсырамыз. Ауырып қалсаң, дәрілерді тегін алуға болады. Мен ауысыммен жұмыс істеймін, сондықтан өзіме және балаларыма да уақыт бөле аламын. Сонымен қатар жақында жалақыны көбейтті. Qazaq Oil-да әртүрлі қалада жұмыс істедім, өйткені көшуге тура келді. Соңғы рет Ақтөбеден Ақтауға көшкенде аздап уайымдадым. "Тағы да Qazaq Oil-ға жұмысқа орналаса аламын ба" деген ой болды. Бірақ компания да жәрдем көрсетіп, еш қиындықсыз ауыстырды. Тіпті құжат жинаудың да қажеті болмады. Мұндай қарым-қатынасты ештеңеге айырбастағың да келмейді екен", – деді Бибігүл.
Қызметкерлердің ынтасын арттыру үшін компания нағыз "Чемпиондар лигасының" бәсекесін ойлап тапты. Бұл бәсекеде Қазақстанның әрбір түкпіріндегі жанар-жағармай құю станцияларының бес мыңға жуық қызметкері жарысқа түседі. Арнайы осы дода үшін Qazaq Oil өзінің төл IT-бағдарламасын құрастырып шығарды, онда әрбір жанармай құю станциясындағы кез келген қызметкердің нақты уақытта жеткен жетістіктерін көрсетіп тұрады.
Турнирді ұйымдастырушылар әлемдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі футболдан өтетін аламан – "Чемпиондар лигасынан" шабыт алған. Жанармай құю станциялары топтарға бөлінді. А тобына – мұнай өнімдерін де, халық тұтынатын тауарларды да сататын станциялар кірді; олардың жеке сату жоспары бар. В тобының – өз жоспары мен талаптары бар, сол секілді С тобының да өз жоспарлары бар. Басты мақсат – сату мөлшерін мүмкіндігінше көбейту. Жарысқа түскен топтар арасында нағыз тартыс басталды, себебі бәйгеге тігілген ұтыс та үлкен – жанармай құю командасының толық құрамы теңізге демалыс билетін алады.
Қызылордалық жанар-жағармай бекетінің операторы Жеңісбек Камалов өз ұжымының жетістігі жайлы айтып берді.
"Біз "Чемпиондар лигасының" суперфиналына жолдама алдық. Жеңіске деген құлшынымыз жоғары, теңізге демалыс билетін ұтып алу үшін бар күшімізді саламыз. Мен теңізде ешқашан болған емеспін, осы арманымды жүзеге асырсам деймін. Қазіргі уақытта біз үшін ең бастысы – қызмет көрсету сапасы. Біз өз тұтынушыларымызды жақсы көреміз, сол себепті мейірімді болу біз үшін қиын емес. Суперфиналға шығу бақыты бұйырады деген ой бұрын мүмкін еместей көрінетін. Мысыр немесе Түркия елдерін көру – үлкен армандарымның бірі. Супержүлде бізге бұйыруы үшін барлығын жасаймыз", - деп уәде береді Жеңісбек.
Qazaq Oil жанармай құю станциясының Ақмола облысы Келлеровка ауылындағы менеджері Любовь Верчинская да турнирге қатысушы ретіндегі әсерімен бөлісті. Оның командасы бас жүлдеге қолжеткізе алмаса да, Любовь жағымды сәттерге назар аударуды жөн көреді.
Оператор АЗС из Кызылорды Женисбек Камалов делится успехами своей команды.
«Мы вышли в суперфинал «Лиги чемпионов». Очень хотим выиграть, делаем все возможное, чтоб полететь на море. Никогда не был на море, очень мечтаю там побывать. Сейчас главное сервис – мы любим клиентов, поэтому совсем несложно быть добрым. Никогда не думал, что мы сможем в суперфинал выйти. Это же просто несбыточная мечта – увидеть Египет или Турцию. Будем работать так, чтоб суперприз достался нам», – обещает Женисбек.
Менеджер заправки Qazaq Oil в селе Келлеровка Акмолинской области Любовь Верчинская также поделилась впечатлениями от участия в турнире. Выиграть главный приз у ее команды не получилось, однако Любовь старается фокусироваться на позитивных моментах.
"Суперфиналға өте алмағанымызға көңіліміз түсті. Сәл ғана шамамыз жетпей қалды. Командамызбен түгел купальник сатып алдық. Біздің ұжым тамаша, жұмысқа үйге келгендей боламыз. Клиенттермен сөйлескенде тілін тауып аламыз. Кейде көңілсіз адамдар келеді, ондай адамдардың көңілін көтеруге тырысамыз.
Маған бұл жер ұнайды, шынымды айтсам, өзімнің сүйікті жанармай бекетімнен зейнетке шыққым келеді. Қазір жанар-жағармай құю бекетінің іші жылынып, тауарлардың түр-түрі пайда болды, тұтынушылар да көбейді. Кофе ішуге келетін адамдар бар. Кәсіподақ есебінен Щучинсктегі санаторийдедемалуға да мүмкіндік алдым. Бізге барлық жағдай жасалған. Жоспарды орындасам, ай сайын сыйақы аламын, осылайша бәріміз өз жұмысымызды шын жүректен орындауға ынталымыз", – деп атап өтті Любовь.
avenue18SE
1 year ago