Жаңалықпен бөлісу
Жарияланған күні: 04.09.2023
Достық станциясында Qazaq Oil жаңа жанар-жағар май құю кешені ашылды
Жаңа нысан жоғары сапалы жабдықтармен және
жоғары өнімділікті отын
тарату бағандарымен жабдықталған.
30 тамызда Жетісу облысының Алакөл ауданында,
Қытаймен шекарада орналасқан Достық станциясында Qazaq Oil жаңа жанар-жағар май құю кешені ашылды. Мұнда Үшаралдан және
Ақтоғайдан темір жол өтеді. Аудан орталығына дейінгі қашықтық - шамамен 160 км. Компания нысанды басынан тұрғызды және барлық қажетті коммуникацияларды
жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Аумақтың ауданы 1 га
құрайды, ғимараттың өзі – оперативтік ауданы
80 ш.м. Жаңа объектіде үш отын тарату бағанына (ОТБ) қалқа және ірі көлемді көліктерге арналған екі жеке тұрақ орнатылған. Көліктің
үлкен ағынына байланысты үлкен көлемді көлікке арналған барлық ОТБ-лер 120 л/м қосымша
сорғыларды орнату арқылы жоғары өнімділікке ие. Неміс өндірушісі Gilbarco-дан жоғары сапалы отын тарату бағандары екендігін атап
өткен жөн.
Дизайнға
қатысты - жаңа жанар-жағар май құю кешенінің операторлық орынжайының қаптамасы,
шатыры және баға стеласы Qazaq Oil брендбукіне сәйкес орындалған.
Бұдан
басқа, ЖМҚС аумағында жалпы көлемі 150 текше метр мұнай өнімдерінің резервуарлық
паркі орнатылды, бұл бүгінгі күні стационарлық ЖМҚС үшін ең жоғары көлем болып
табылады. Бұл ретте мұнай өнімінің базадан жанармай құю станциясына дейінгі
барлық жолын Qazaq Oil мамандары мұқият тексеріп отырады.
Сонымен қатар, ЖМҚС аумағында, әдетте, ұзақ
жолдан шаршаған жүк көлігі жүргізушілерінің спортпен шұғылдануына арналған
workout-алаң орнатылған. Ұзақ уақыт бойы рульде отыруға мәжбүр болған жүк
көліктерінің жүргізушілері үшін
мұндай қызмет өте пайдалы.
Сондай-ақ, Qazaq Oil компаниясы өз клиенттері үшін жайлы жағдай жасауға
ғана емес, өз қызметкерлерінің әл-ауқатын
жақсартуға да бағдарланған.
Жаңа жанар-жағар май құю кешенінде
жергілікті тұрғындардан 21 адам жұмысқа кірісіп кетті. Жалпы бұл ауданда халық
саны аз, шамамен 4,5 мың адам екенін ескерсек, жаңа жанармай құю кешені халықты жұмыспен қамтамасыз етуде белгілі бір әлеуметтік
тиімділікке ие.
Компанияда
қызметкерлердің
жалақысы нарыққа бейімделіп, толық әлеуметтік пакет қарастырылғанын атап өтті.
Сонымен қатар, бонустық жүйе қолданылады. Кәсіподақ бар, оған мүше болу медициналық қызмет
алуға, демалыс, материалдық көмек алуға және т.б. жеңілдіктерге құқық береді.
«Алматы мен
Алматы облысында барлығы 58 жанармай құю станциясы бар, онда 860 адам жұмыс
істейді. Қандай да бір
жанармай құю станциясын ашу немесе жаңарту арқылы компания бизнесті жүргізу
үшін ғана емес, сонымен қатар аймақтағы халықтың өмірін жақсарту үшін де жағдай
жасайды. Соның ішінде жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Адамдарға жұмыс беру арқылы біз ертеңгі
күнге деген сенімділікті қалыптастырамыз. Объектінің өзінде су жаңа және сапалы жабдықтар қойылған, ол жанармайдың сапасына әсер етеді, оған клиент күмәнданбаса болады», - деп атап өтті Qazaq Oil PR-директоры Әсел
Әлімханова.
Оның айтуынша, компанияда аккредиттелген
зертханалар жұмыс істейді. Жанармай сынамалары алынады және үнемі тексеріледі. Елдегі 380
жанармай құю станциясының
әрқайсысынан ай сайын
сынама алынады. Бұл мұнай
базасында зертханашылар мұнай өнімдерін қабылдау кезінде ЖЖМ сапасын тексеруден басқа. Qazaq Oil жанармай құю станцияларында АИ-92, АИ-95, АИ-98 бензині, қысқы және жазғы
дизель отыны сатылады. Ең танымал өнім – АИ-92 бензині.
Өздеріңіз
білетіндей, Qazaq Oil-де ілеспе қызметтер де кеңейтілуде. Жалпы, компанияның
жанармай құю станциясы басқалардан ерекшеленеді. Шынында да, мұнда жанармай
құюдан басқа, тұтынушылар супермаркеттен азық-түлік сатып ала алады, жайлы ортада жаңа піскен кондитерлік өнімдермен кофе іше
алады.