Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 01.08.2023

Qazaq Oil ЖМҚС ұлттық желісі «Азия Дауысы» фестивалін қолдады


 

Компания құрылған кезден бастап Qazaq Oil қызметінде өзіндік бірегейлік тұжырымдамасы басым болды.  Ынтымақтастық, сыйластық, достық - мұның бәрі қазақ халқының қайнар көзінен бастау алады. Сондықтан Qazaq Oil бұл сәттерді әрдайым назарда ұстайды.


Сондықтан компания «Азия Дауысы» ұлттық фестивалін жаңғырту идеясын қолдау туралы шешім қабылдады.  Бұл – қазіргі Қазақстан мәдениетінің ажырамас бөлігі. Сонымен қатар, фестиваль елімізде туризмнің дамуы үшін айтарлықтай әлеуетке ие.


Qazaq Oil компаниясының PR директоры Әсел Әлімханова: «Біз «Азия дауысы» фестивалінің қайта жандануына қатысқанымызға қуаныштымыз, тіпті мақтанамыз. Бұл іс-шара соңғы рет 20 жыл бұрын өтті және біздің әртістер мен музыка сол кезде бүкіл әлемге танымал болды. Сондықтан бұл шараның демеушісі болу – үлкен мәртебе. Өйткені, мәдениет пен дәстүрді қолдау біздің компанияның маңызды бөлігі болып табылады. «Азия дауысы» сияқты фестивальдерден басқа, біз спортқа, кинематографистерге, өнерге үнемі қолдау көрсетіп, осы салаларға үлкен әсер ете алатынымызды түсінеміз». 


 

Естеріңізге сала кетейік, «Азия Дауысы» халықаралық музыкалық фестивалі алғаш рет 1990 жылы өткізілді. Содан кейін ол бірден қазақстандықтардың жүрегін жаулап алды. Биылғы жылдағыдай фестиваль «Медеу» биік тау мұз айдынында өтіп, 15 елден қатысушылар жиналды. Фестиваль өткізілген жылдары онда әлемнің 100 елінен орындаушылар өнер көрсетті. Біздің сүйікті әртістерімізден басқа, өткен жылдары фестиваль сахнасында Captain Jack, Bomfunk MC’s, Touché, Haddaway, Scooter, Coolio, Mo-Do, Modern Talking, Стинг және басқа да көптеген әлемдік атақты жұлдыздар біздің мәдениетімізбен танысып, өз өнерлерін көрсетті. Фестивальдің жандануымен мәдени алмасу да қайта басталады, ал Қазақстан өзінің шығармашылық жетістіктерінің арқасында одан да танымал болады. 

 

«Бүгінгі таңда таланттардың дамуына, қазақтың шығармашылық бірегейлігінің қалыптасуына көмектесу өте маңызды. Өйткені, осы жылдар ішінде осындай көлемдегі байқау өзінің маңыздылығын жоғалтқаны жасырын емес, енді бүкіл әлемге өзін қайта жариялау маңызды. Біздің мақсатымыз - Қазақстанның мәдени мұрасын дамыту. Өйткені, біз ұлтымыздың жақтастарымыз, қазақ халқының салт-дәстүрлерін жалғастырушылармыз. Халықаралық фестивальде біздің мәдениетімізді айналамыздағы барлық адамдарға көрсету, таныстыру маңызды. Бұл фестиваль біздің Qazaq Oil компаниясының атауы сияқты өзін-өзі танытатын бірегей бренд», - деп атап өтті Әсел Әлімханова.




поделиться