Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 11.02.2022

«ҚазМұнайГаз» өткен жылы ребрендинг жұмысын бастады.

«ҚазМұнайГаз» ірі жанармай құю станцияларының желісі өткен жылы ребрендинг жұмысын бастады. Осылайша, аталған желінің барлық ЖМҚС-лары 2024 жылға қарай Qazaq Oil брендімен жұмыс істейтін болады. Бұл – жанар-жағар май құю станцияларының мүлдем жаңа форматы. Компания барлығын дерлік өзгертті: асфальт төсемінен бастап ЖМҚС құрамдастарына дейін.

Қиындықтар аз болған жоқ, әрине, олардың бірі – пандемия. «PetroRetail» ЖШС Бас директоры Төлеміс Шотановтың айтуынша, пандемия кезінде ребрендинг өткізу оңай болған жоқ, бірақ кәсіби менеджерлер командасы бұл істі абыроймен атқарып шықты. Жанармай құю станциялары, дәмханалар және басқа да қызметтермен бірге дүкендер дамып келеді. Бірақ Qazaq Oil үшін басымдықтардың бірі тасымалдаудың әрбір кезеңінде қатаң бақыланатын жанармай сапасы болып табылады.

«Біз мұнай өнімдерін мұнай өңдеу зауытынан жөнелткен сәттен бастап ЖМҚС-да тұтынушыға босатқанға дейінгі кезеңде жанармайды тексереміз. Әр қадам, әр әрекет – бақылауда. Мұндай тәсіл соңғы тұтынушы үшін жанармай сапасының зауыттық өлшемдерінің сақталуын қамтамасыз етеді», - деді Төлеміс Шотанов.

Компания, сондай-ақ, отын нарығының трендтерін қадағалап, цифрлық технологияларды белсенді пайдаланады. Осылайша, Qazaq Oil қызметінің негізінде заманауи автоматтандыру жүйесі енгізілді. Яғни, жанармай құю дәлдігі, бензин мен ДО сапасының кепілдігі толығымен бақыланады. Мұның бәрі түпкілікті нәтижелерде көрінеді және адал бизнесті жүргізуге мүмкіндік береді.

Жаңа есіммен бірге қызмет көрсету стандарттары, корпоративтік мәдениет жаңартылды, қызықты акциялар мен ұсыныстар, клиенттермен қарым-қатынастың жаңа тәсілдері пайда болды, бонустық жүйе цифрландырылды және тағы басқалар. Өзгерістер көрініп тұр – ескі жанармай құю станциялары бұрынғыдай тартымды емес. Біздің кез-келген адам бүгін өз уақытын бағалайды және жайлылық пен сапаға назар аударады. Автокөлігіңізге жанармай құя отырып, соған қоса үйге қажетті заттарды сатып алу бүгінгі күннің шынайылылығы екендігіне келісесіз ғой. Жаңа форматтағы жанармай құю станциялары осы талаптарға жауап береді.

Егер цифрларға жүгінетін болсақ, Қазақстандағы ЖМҚС арқылы өткізу нарығының жалпы көлемі - жылына 7 миллиард литр. Мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртудан кейін нарық толығымен қаныққан. 3 МӨЗ (АМӨЗ, ПМХЗ, ПКОП) К4, К5 маркалы отынға бағдарланған. Айта кету керек, Қазақстанда жанармай құю станциялары жеткілікті. Ең қарапайым есептеулер бойынша олар шамамен 4 мың ЖМҚС. Демек, отын ритейлі бәсекелес ортада дамиды. Сондықтан клиенттің талаптарын ескеретіндер ұтады. Ал клиент ең жақсысын таңдайды: жанармай сапасы, қызмет көрсету, әдемі интерьер және экстерьер, тазалық, тәртіп, қызметкерлердің сыпайылығы, қолжетімділік, үйге, жұмысқа мүмкіндігінше жақын орналасуы және т.б.

«Әрбір клиент бізге бірегей тұтынушылық әдеттермен келеді. Біз қызметкерлердің алдына бізге келген әрбір адам біздің клиентіміз болып әрдайым қалуы үшін міндет қоямыз», - дейді Төлеміс Шотанов.

Бас директордың айтуынша, бұл шаралардың барлығы Qazaq Oil жаңа ЖМҚС-ларына клиенттер ағынын ұлғайтуға мүмкіндік берді. Әдетте адамдар жанармай құюды «жанармай құйып алу және кету» принципі бойынша техникалық орын ретінде қабылдайды. Qazaq Oil-де басқа формат енгізіледі: ЖМҚС клиенттер өмірінің бір бөлігі, қандай да бір үшінші орны болуға тиіс. Үйі бар, жұмысы бар, ЖМҚС бар. Жанармай құю кешендері адам өзін жайлы сезінетін орынға айналуы керек. Ол үшін маңдайшаны өзгерту, жөндеу жұмыстарын жүргізу және дүкендерді дамыту жеткіліксіз.

«Бастысы бұл арада ниет маңызды және бұл компанияның әр қызметкерінде болуы тиіс. Мысалы, бұл - байланыс. Қызмет көрсету сапасы және ескертулерге оларды түзетумен дұрыс жауап беру – бұл тұтынушылардың жадында жақсы ой қалдырады», - дейді Төлеміс Шотанов.

Әңгіме барысында ол Qazaq Oil жаңа бренді отын нарығына жаңадан кіргендігін атап өтті. Сондықтан оны енгізу оңай болған жоқ. ҚМГ бұрынғы атауы ел бойынша кең таралған болатын, сондықтан адамдардың жаңа брендке қатынасын қалыптастыру қиын болды, бірақ көріп отырғанымыздай – бұл мүмкін болды.

Компания толығымен клиентке немесе қызметкерлердің өздері айтқандай: «қонағымызға» бағдарланған. Мұнда әр клиенттің шағымдары мен ұсыныстарын қарастыратын департамент құрылды және жұмыс істейді. Кері байланыс әлсіз тұстарын табуға және оларды түзетуге көмектеседі. Корпоративтік мәдениет желісі бойынша да үлкен жұмыс жүргізілуде, өйткені 4 мыңнан астам өндірістік персонал «алдыңғы шепте» еңбек етеді. Әрбір қызметкер бір идеямен қаныққан және клиентке бағдарланудың бірыңғай құндылықтарын ұстанады.

Сондай-ақ, компания франчайзинг бағдарламасын іске қосты және кәсіпкерлерді оған қатысуға шақырады. DODO (dealer owned dealer operated) бағдарламасының мәні олар жаңа ЖМҚС салуды немесе Qazaq Oil-мен серіктестікте жұмыс істеп тұрғандарын дамытуды ұсынады. Серіктестер жаңа қарқынды дамып келе жатқан брендке, шартқа сәйкес сапалы жанармайға, дайын регламенттер мен қызмет көрсету стандарттарына, есеп жүйесіне және барлық ілеспе фишкаларға ие болады. 2022 жылдың соңына дейін 15 серіктес ЖМҚС ашу жоспарлануда.

Жыл қорытындылары

2021 жылы Qazaq Oil желісінің ЖМҚС-дағы транзакциялар саны тәулігіне 100 мыңнан асты, серіктестіктермен бірге станциялардың жалпы саны - 377, ал ЖМҚС жанындағы дүкендерде тауарлар сату екі еседен астамға өсті. Қазір мұнда 2 мыңнан астам тауар позициясы бар. Компанияның ағымдағы жылға арналған жоспарында шамамен 80 ЖМҚС ребрендтеу бар.

Команда экологиялық таза болуға тырысады және біртіндеп пластиктен бас тартады. Өткен жылы бонустық жүйе цифрлық форматқа - VLife мобильді қосымшасына ауысты. Бұл суперап, ол адам өмірінің барлық салаларын қамтиды және автокөлік жүргізушілеріне жаңа мүмкіндіктер береді. Пайдаланушылар бонустар жинай алады және оларды жанармай құю станцияларында төлей алады. Жеке маркетплейс, дәрігерге жазылу мүмкіндігі, сұлулық салоны, әуе немесе теміржол билеттерін сатып алу және тағы басқалар бар. Қосымша «клиент-жанармай құю-компания» тізбегінде кері байланысты белсендірек алуға мүмкіндік береді.

Қазір Qazaq Oil байланыссыз жанармай құю жобасы бойынша жұмыс істеуде. Ол іске қосылған кезде автокөлік иелері көліктен шықпай-ақ жанармай құюға мүмкіндік алады – VLife қосымшасына баған нөмірін, жанармай көлемі мен түрін енгізу керек, содан кейін карта арқылы төлеу қажет.

Қаңтар бүкіл Қазақстан сияқты Qazaq Oil үшін де оңай болған жоқ. Алматыда 6 жанармай құю станциясы тоналды. Компания бұл нысандарды өз қаражаты есебінен қысқа мерзімде қалпына келтіруге тырысты. Қаңтар айының ортасында олардың барлығы іске қосылды.


поделиться

TiminhemWE

2 years ago
Вот полезный онлайн-сервис. Это для тех кто работает с курсами валют, финансовые биржи и т.д. <a href=https://prognozkursov.ru>EOS прогноз </a> Формируют прогнозы при помощи нейронной сети.

YuriiPoelpformVC

6 months ago
Доброго дня! Откроем новые перспективы вместе с вами! Представьте, что ваши клиенты прямо сейчас просматривают ваше предложение. С нашими рассылками по формам обратной связи это стало реальностью. Доставьте ваше сообщение точно в цель! Благодарим за ваше внимание к нашему предложению. Желаем вам удачных сделок и благополучия в бизнесе. Пожалуйста, ознакомьтесь с нашим сайтом или передайте информацию руководителю. Мы на связи: Сайт: http://formos.tilda.ws Почта: marketing.trafik@mail.ru Найдите свою целевую аудиторию с минимальными затратами через успешные рассылки.

YuriiPoelpformVC

6 months ago
Добрый день! Для нас честь познакомиться. Читаете это сообщение? Точно так же его могут читать и ваши клиенты! Используйте нашу услугу по рассылкам по формам обратной связи, чтобы достичь миллионов потенциальных клиентов. Это эффективный инструмент для вашего бизнеса! Благодарим за внимание к нашему предложению. Мы уверены, что сможем внести вклад в успех вашего бизнеса. Просим ознакомиться с нашим сайтом или передать информацию руководителю. Желаем удачи и больших успехов! Будем рады видеть вас: Сайт: http://formos.tilda.ws Почта: marketing.trafik@mail.ru Увеличьте ваши продажи и охват с помощью целевых рассылок по формам обратной связи.

YuriiPoelpformVC

6 months ago
Доброго дня! Давайте вместе достигнем новых вершин успеха! Перестаньте беспокоиться о том, прочитают ли вашу рекламу. С нашими рассылками по формам обратной связи, ваше сообщение найдет своего адресата. Проверено! Благодарим за внимание к нашему предложению. Мы видим большие перспективы в нашем партнерстве. Посетите наш сайт или передайте это письмо вашему руководителю. Пусть ваш бизнес развивается и приносит успех! Присоединяйтесь: Сайт: http://formos.tilda.ws Почта: marketing.trafik@mail.ru Быстро и эффективно: рассылки через формы обратной связи.

kworkSheagKW

4 months ago
Работайте с профессионалами на Kwork! Ваш проект достоин лучшего. Найдите его на Kwork. Присоединяйтесь!https://kwork.ru/ref/17534610 Желаю вашему бизнесу процветания и положительных результатов!