Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 31.12.2020

PetroRetail желіні іске қосады

Жаңа кәсіпорын негізін жүз пайыз техникалық жаңарту және ребрендингтен өткен бұрынғы ҚазМұнайГаз ЖМҚС желісі құрайды.

Нұр-Сұлтанда және Көкшетауда 2020 жылдың 18 қарашасында екі жаңа QAZAQ OIL ЖМҚС ашылды. Ребрендинг - ол атауының өзгергендігін ғана білдірмейді, сонымен қатар ол резервуарлық паркті, құбыр жолдарын, отын тарату бағандарын, асфальтбетон төсемін, ақпараттық стеланы ауыстыру, операторлық бөлмені жаңарту, фриза мен сауда жабдықтарын ауыстыру болып табылады. Сонымен қатар КМГ-Retail клиенттерге заманауи қызмет көрсету стандарттарын (кафетерийді қоса), жаңа акциялар, жаңа тауарлық сұрыпталымы стандарттарын енгізеді.

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС тиесілі болған (осы жылдың 6 мамырында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бас компаниясы акционерлерінің шешімімен таратылған) ЖМҚС желісінің жаңа меншік иесі өз қызметін жаңа және үздік бизнес-тәжірибелерге сәйкес жүзеге асыратын табысты брендті жасау міндетін қояды.

«Біз QAZAQ OIL брендін дамыту туралы шешім қабылдады, өйткені QAZAQ атауымен тек үздік тауарлар мен қызметтер ғана ұсынылуы тиіс деген сенімдеміз. Атауының өзі бізді осыған міндеттейді. Сондықтан ең бірінші артықшылығымыз – өнім сапасы.

Қолайлы баға, жоғары қызмет көрсету стандарттары және ыңғайлы орналасқан орынмен үйлестікте сапаға қатаң бақылау жасай отырып, QAZAQ OIL бренді біздің клиенттерімізді қызықтыратын болады» - деп түсіндірді компания өкілі.

Оның айтуынша QAZAQ OIL бренді жаһандық халықаралық нарықта Қазақстанның ұлттық бірегейлік ісіне қызмет етіп, Румынияда – Rompetrol, Ресейде – Rosneft, Қытайда – PetroChina, бүкіл әлемде – British Petroleum (BP) сияқты танымал болады.

Бұрынғы брендті ЖМҚС-ларға клиенттер тарапынан көңілі толмаушылығы кездері болғандығымен келісе отырып, дегенмен, оның кеңінен тараған желі екендігін, тіпті елімізде отын тапшылығы орын алған кезде де, ол ЖМҚС-ларда ЖЖМ болғандығын алға тартады компания басшылығы.

“Бүгінгі таңда ҚазМұнайГаз ЖМҚС өзімен аттас ұлттық компанияға еш қатысы жоқ екендігін атап өткіміз келеді. Сонымен қатар біз осы жанармай құю станцияларымен байланысты барлық жақсыны сақтап қалғымыз келеді. Бұл, ең алдымен, еліміздегі ең ірі және географиялық жағынан кең таралған ұлттық брендті түйсіну. Алдағы жылдары біздің қалған станциялар ең жоғары стандарттарға ие болып, QAZAQ OIL  жаңа брендіне ауысуы үшін барлық қолдан келгенді жасаймыз.

Жаңа бренд клиенттеріміздің қолдауына ие болады деп үміттенеміз. Өз тарапымыздан ол үшін барлығын жасауға дайынбыз» - деп санайды PetroRetail өкілі. 2020 жылдың соңына дейін PetroRetail «QAZAQ OIL» 26 ЖМҚС және 2021 жылы Қазақстанның барлық өңірлерінде 107 ЖМҚС ашуды жоспарлап отыр.


поделиться

fgh

3 years ago
gfhfgh

test

3 years ago
asdasdasd

фывфыв

3 years ago
фывфывфывфыв