Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 15.07.2026

Qazaq Oil Қарағандыда Keruen Inn желісінің жетінші қонақүйін ашты

Qazaq Oil жол бойындағы Keruen Inn қонақүйлер желісін кеңейтуді жалғастыруда. Keruen Inn қонақүй желіснің жетінші нысаны Қарағанды қаласының кіреберісінде орналасты. Бүгінде желі Меркі, Арал, Семей, Ақтау, Атырау және Қарқаралы қалаларында жұмыс істеп тұр.



Жаңа Keruen Inn қонақүйінің жалпы аумағы 1000 шаршы метрден асады. Қонақүйде 31 жатын бөлме бар. Нысан іскерлік мақсатта сапарға шыққан қонақтарға да, жеке көлігімен жол жүріп келе жатқан саяхатшыларға да жайлы жағдай жасауға бағытталған. Қонақүйде іскерлік кездесулер, келіссөздер мен корпоративтік іс-шаралар өткізуге ыңғайлы болатын заманауи конференц-залы қарастырылған.

Жаңа Keruen Inn, желінің басқа нысандары сияқты, Qazaq Oil-дың жол бойындағы бірыңғай сервис кешенінің құрамына кіреді. Келушілердің көліктеріне арналған күзетілетін, Qazaq Energy Charge электрмобильдерді қуаттау станциясы, сондай-ақ Q-Café және Dala Market қызметтері қолжетімді. Мұнда қонақтар кофе ішіп, тамақтанып, жолға қажетті тауарларды сатып ала алады.

Қонақүйдегі барлық қызмет Vlife цифрлық экожүйесіне біріктірілген. Мобильді қосымша арқылы қонақтар бөлмені брондап, қызмет ақысын төлей алады. Оған қоса адалдық бағдарламасының сыйақыларын жинап, пайдалана отыра, қосымша арқылы арнайы ұсыныстар мен жеңілдіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«Қарағандыда жаңа қонақүйдің ашылуы – компаниямыз үшін маңызды қадам. Бүгінде Keruen Inn желісінде жеті нысан жұмыс істейді. Біз Қазақстан бойынша жол жүретін адамдар үшін сапарды барынша жайлы, қауіпсіз әрі ыңғайлы ету мақсатында заманауи жол бойындағы инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытып келеміз»,– деді Qazaq Oil компаниясының даму жөніндегі директоры Оралхан Омаров.


Keruen Inn желісін кеңейту – Qazaq Oil-дың заманауи жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту стратегиясының бір бөлігі. Компания жанармай құю қызметін, қонақүйді, тамақтану орындарын, цифрлық сервистер мен қосымша қызметтерді біртұтас экожүйеге біріктіріп, жол бойындағы саяхатшылар үшін қолайлы жағдайды қалыптастыруды көздейді.

 


поделиться