Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 22.05.2024

Qazaq Oil Dostyk Cup кубогын жеңіп алды

Qazaq Oil құрама командасы GASENERGY мен PTC Holding компаниялары қатысқан Dostyk Cup турнирінде үстел теннисінен жеңіске жетті.





Шешуші шайқаста үздік нәтиже көрсету үшін командалар төрт ай бойы қарқынды дайындалды. Dostyk Cup турнирі достық бәсекелестік пен спорттық ынта жағдайында өтті. Біздің команда жоғары дайындықты көрсетіп, қарсыластарын бірінен соң бірі ұтып, әріптес-жанкүйерлердің қолдаған ұрандарымен финалға сенімді түрде қадам басты.



Бұл жеңіс компанияға спорттық кубок әкеліп қана қоймай, корпоративтік рухты нығайтып, біз бірлесіп кез келген биіктерді еңсере алатынымызды көрсетті.


Барлық қатысушыларға, ұйымдастырушыларға және жанкүйерлерге қолдаулары үшін алғыс айтамыз және бұл біздің команда үшін жаңа спорттық жетістіктердің бастамасы ғана деп сенеміз.

поделиться