Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 10.07.2025

Qazaq Oil компаниясында Ынтымақтастық күні өтті

Qazaq Oil компаниясында дәстүрлі Ынтымақтастық күні өтті — бұл басшылық құрамның жанар-жағармай құю станцияларының (ЖМҚС) жұмыс топтарына қосылып, бір күн бойы қызметкерлердің күнделікті міндеттерін орындауға арналған ерекше корпоративтік бастама.

 

Топ-менеджерлер бір күнге кеңсе костюмдерін ЖМҚС операторы мен кассирінің жұмыс киіміне ауыстырып, клиенттерге қызмет көрсетті, тауарларды реттеді және сауда залдарында көмектесті. Аталған дәстүр жылына екі рет, қызмет сапасын арттыру және командалық рухты нығайту мақсатында өткізіледі.

 

– Бұл акция жай ғана символдық қадам емес, ол – маңызды дәстүр. Ынтымақ күні қызметкерлеріміздің күнделікті қандай міндеттермен бетпе-бет келетінін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Мұндай тәжірибе адамдарды жақындастырып, жұмыс үдерістерін жақсартуға көмектеседі және жаңа идеялардың тууына жол ашады, – деді Qazaq Oil компаниясының қаржы директоры Жасын Тажкеев.  – Мысалы, дәл осы ЖМҚС-те жанармай шлангтары ұзартып орнатылған, бұл – көлікті қай жағымен келсе де жанармай құюға мүмкіндік береді. Бұл кептелісті азайтады. Мұндай идея да дәл осындай күндердің бірінде пайда болған.

 

Бұл жолы еліміздің түкпір-түкпіріндегі кеңсе қызметкерлері өз өңірлеріндегі ЖМҚС-тарға шығып, клиенттерге қызмет көрсетті: хот-дог әзірлеп, кассада жұмыс істеді және сауда залдарында көмектесті. Бұл — әр қызметкердің еңбегі маңызды екенін және компания жетістігі ортақ күш-жігермен құрылатынын еске салатын күн.

 

«Ынтымақтастық күнінде басшылар бізбен қатар жұмыс істейді. Бұл – ресми емес, бірақ өте құнды қадам. Ол әр қызметкердің маңызды екенін, ал "орында" атқарылатын жұмыс – жай ғана міндет емес екенін көрсетеді, – деп қосты компания өкілі.

 

Бұл іс-шара ішкі процестерге басқа қырынан қарауға, бөлімдер арасындағы шекараны жоюға және өзара түсіністік мәдениетін нығайтуға септігін тигізеді.



поделиться