Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 10.02.2022

Qazaq Oil Partners – Шымкенттегі алғашқы жанармай құю станциясы

Qazaq OilPartners бағдарламасы бойынша алғашқы жанармай құю станциясы Шымкентте желтоқсан айында Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойына орай ашылды.

Елімізде бизнестің дамуы – бұл тамаша. Жаңа жұмыс орындары пайда болуда, қазақстандықтар жаңа мамандықтарды игеруде.
Біздің франшиза кәсіпкерге Qazaq Oil-мен бірге өсуге мүмкіндік береді. Сервис, сапалы мұнай өнімі, ілеспе қызметтер, жарнама, VLife жаңа бонустық жүйесі ... мұның бәрі біз туралы. Мұның барлығы шынайы.

Біз DODO бағдарламасы бойынша Qazaq Oil алғашқы серіктесі Закир Махмудовпен хабарластық.
Закир осыдан бұрын танымал ЖМҚС желісімен жұмыс жасаған екен. Бұл бизнесте жүргеніне міне 12 жыл болыпты. Алайда, біздің компания ұсынатын шарттар бизнесмен үшін тиімдірек және перспективалы болып шықты.
- - Менің жанармай құю станциям шағын, 2 ОТБ, бұл 4 баған, 35 шаршы метрлік дүкен, өте жайлы. . Брендтің өзі патриоттық, шын мәнінде, Қазақстанның нағыз алтыны.
Сіздің сауда жасағаныңызға бір ай толған жоқ. Көңіліңізден шықты ма?

- Саудам жаман емес, күніне 15 текше метрге дейін жанармай жіберемін, ХТТ шамамен 150 мың теңгеге сатылады. Мен өте ризамын. Компанияның клиенттері – менің клиенттерім, мен де адалдық бағдарламасын алдым, керемет жүйе. Мен онлайн режимінде жанармайдың келуін, шығынын, теңгерімсіздігін көремін және егер бірдеңе дұрыс болмаса, дереу шаралар қолдана аламын. Әрдайым филиалдан қайырымды әріптестер көмекке келеді. Барлық мәселелер бірден шешіледі.
Шынымды айтсам, осы бизнеспен мен көптен бері айналысамын. Мен бәрін білемін (күледі), сондықтан болашақта кеңейе түсемін, Qazaq Oil брендімен жанармай құю станциясын ашамын деген жоспарым бар. Жалпы, мен 5 жыл ішінде алғашқы жанармай құюды өтеуді жоспарлап отырмын. Солай болатынына сенімдімін.
Qazaq Oil елімізде бизнесті осылай дамытуда.
Егер сіз мұнай бөлшек саудасы саласында бизнесті дамытқыңыз келсе, бізге жазыңыз. Әрқашан жауап беруге қуаныштымыз: Azat.Rakhimzhanov@petroretail.kz


поделиться