Жаңалықпен бөлісу
Жарияланған күні: 20.04.2026
Qazaq Oil қолдауымен өткен workout жарысы: спорт, серпін және жаңа форматтағы қауымдастық
Өткен сенбіде Бейнеудегі АЗС R-248 аумағында орналасқан воркаут-алаңында әуесқой спортшылар мен жүргізушілер арасында турник пен берпи бойынша ұйымдастырылған жарыс сәтті өтті. Qazaq Oil қолдауымен өткен шара салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, спортты біріктіруші орта ретінде жаңа форматта ұсынды.
Жарысқа алыс-жақын қалалардан келген 52 қатысушы қатысты. Олар екі бағыт — турник және берпи бойынша бақ сынап, өзара мықтыны анықтады. Қатысушылардың өнерін 5 білікті төрешіден құралған қазылар алқасы бағалады.
Турник бағыты бойынша жеңімпаздар:
1-орын — Юсупов Ержан (84 ұпай)
2-орын — Улыкпанов Нұрлан (77 ұпай)
3-орын — Нұрмұхан Дәурен (72 ұпай)
Берпи сайысы бойынша жеңімпаздар:
1-орын — Нұрмұхан Дәурен (230 ұпай)
2-орын — Арсен И. (211 ұпай)
3-орын — Төлегенов Әділ (187 ұпай)
Жеңімпаздар арнайы марапаттармен, естелік медальдармен және Qazaq Oil компаниясы атынан 150, 100 және 50 литр Tulpar-95 жанармай сертификаттарымен марапатталды.
Спорттық сайыс тек жарыспен шектелмей, нағыз мерекелік атмосфераға ұласты. Іс-шара барысында ауданның жас өнерпаздары өнер көрсетіп, қатысушылар мен көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.